айт абыл болсын поздравления на казахском языке
Құттықтау (куттыктау, олендер): Құрбан айт (с Курбан айтом) – поздравления, стихи на казахском с переводом
Айтыңыз құтты
болсын! — С праздником айт.
Айт құтты болсын!
Алла тағала барлық тілектерінізді қабыл етсін!
С праздником айт!
Пусть Аллах исполнит все ваши желания!
Құрбан айт қабыл болсын!
Алладан рахым, пайғамбардан шапағат келсін!
С праздником
Курбан айт!
Милости вам от Аллаха и щедрости от пайгамбара!
Қасиетті құрбан айт қабыл болсын!
Қаламың карымды, еңбегің арынды, денсаулығың зор бола беруіне тілектеспін!
Со священным праздником Курбан айт!
Желаю вам крепкого здоровья, плодотворного труда и благополучия!
Құрбан айт мерекелерің құтты болсын!
Құрбан шалып, ниет еткендердің ниеті қабыл болғай.
Жаратқан елімізге бейбітшілік, әрбір шаңыраққа, әрбір азаматына аман-саулық
бұйырта көрсінші деп тілеймін!
Поздравляем с Курбан айтом!
Если помянули усопших и вспомнили бедных – это очень хорошо. Желаем каждой
семье благополучия, здоровья!
Құрбан айты мүбәрәк болсын! Отыз күн оразаның ішіндегі тілектеріңіз қабыл
болсын! Алла тағала келер жылдардың айт мерекесіне аман-есен жеткізуге жазсын!
Курбан айт – 30 дневная ураза пусть принесет вам удачу и исполнения всех ваших
желаний!
Источник: құттықтау куттыктау тілектер олендер олен құрбан айт курбан айт олең поздравления на казахском создер
Категория: Поздравления | Добавил: admin (25.02.2012)
W
Просмотров: 81115
| Теги: олең, курбан айт, құттықтау, құрбан айт, создер, куттыктау, тілектер, поздравления на казахском, олендер, олен
| Рейтинг: 2.1 / 26
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Ораза, Рамазан айы құтты болсын, Айт қабыл болсын
Құрметті мұсылман қауым! Ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын! Алла Тағала баршамызды шынайы ықыласпен Ораза ұстаушылар санатына қосып, жәннаттың есігінен кіруімізді нәсіп еткей!
Қасиетті Рамазан құтты болсын!
Құрметті мұсылман бауырлар, қымбатты отандастар!
Баршаңызға мүбарак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл – сүйікті Отанымыз үшін ерекше жыл. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Дәл осы айтулы кезеңде егемен еліміз Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының тізгінін қолға алып, қазақтың байтақ даласының шежіре-тарихы Исламмен біте қайнасып жатқандығын дүйім жұртқа паш етуде. Осынау мәртебелі қызметте елімізге Алла Тағаладан зор абырой нәсіп етуін тілейік.
Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Бұл айдың басты ерекшелігі, Алла Тағала Исламның бес парызының бірі болған оразаны осы айда ұстауды парыз етті. Екіншіден, адамзат баласын тура жолға бағыттайтын, ақиқат пен жалғанды, сауап пен күнә арасындағы парықты айқындап беретін қасиетті Құран осы айда түсірілді. Сондықтан бұл айда оқылған Құран аяттарының сауабы, атқарған ізгі іс-амалдардың сауабы өзге айларға қарағанда еселеп артады. Құдси хадисте Алла Тағала былай дейді: «Ораза тек Мен үшін. Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін. Өйткені пенде Мен үшін шақуат қалауы мен ішіп-жеуден бас тартты». Үшіншіден, мың айдан да қайырлы Қадір түнінің осы айда орын алуы да – Жаратушының пендесіне тартуы.
Рамазан айында ораза ұстау – мұсылман адамның мойнындағы бес парыздың бірі. Қасиетті Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін ораза ұстау сендерге де парыз етілді» («Бақара» сүресі, 183-аят), – деп бұйырылған. Әрине, бұрынғы өткен пайғамбарлардың үмбеттері де өз кезегінде ораза ұстап өткен. Хадис-шарифте: «Ислам бес тірекке негізделген: Алладан басқа ешбір Құдай жоқтығына және Мұхаммед Оның елшісі екеніне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, қажылық және Рамазанда ораза тұту» деп ораза ұстау Исламның шартынан екендігін білдірсе, мына хадисте: «Кімде-кім шын көңілмен иланып, кәміл иманмен, сауабын Алла Тағаладан күтіп, Рамазан оразасын ұстайтын болса, оның өткен күнәлары кешіріледі» дей келе, оразаның ұлық ғибадат екендігін сүйіншілейді.
Демек, пенделікпен істеген кемшілік-қателіктерге өкініп, тәубеге келіп, сауабын Алла Тағаладан үміт ете ораза ұстаған жағдайда барша жамандықтарға кешірім болары шүбәсіз. Күнәсіз адам болмайтындығын ескерсек, ораза айы сол өткен күнәлардың кешірілуіне себеп болмақ, бауырлар!
Ораза ұстаған кісіге берілетін сауапты тілмен айтып жеткізу де, сипаттау да мүмкін емес. Рамазан айы тек оразаның сауабына кенелетін емес, күнәлардың да кешірілетін кешірім айы. Жаратқан Алла ораза ұстағандарды көз көрмеген, құлақ естімеген және адамзат қиялы жетпейтін жақсылығымен марапаттайды.
Адам пенделікпен өзге құлшылықты көрер көзге атақ, абырой үшін жасауы мүмкін. Алайда оразаны көрер көзге, риялықпен тұта алмайды. Оразаны Аллаға шын сенген мұсылман ғана ұстайды.
Алайда ораза тек таңның атысынан күннің батысына дейін нәр татпау ғана емес. Ораза – рухтың азығы, тәннің шипасы. Ол денсаулықты сауықтыру арқылы тәнді рухани тазартады.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ораза ұстаңдар, денсаулықтарың жақсы болады», – деп тектен-тек айтпаған. Ораза – мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі. Аузы бекітулі жан әдеп білмес пенделердің өзіне жасаған кейбір оғаш іс-әрекеттерін көріп, тұрпайы сөздерін естісе де: «Мен оразамын» деген бірауыз сөзбен нәпсісіне тоқтау салып, сабырға келеді. Ал сабырлылықтың сыйы – жаннат. Рамазан айында құлшылығын арттырған мұсылманның әрбір жасаған іс-әрекеттеріне еселеп сауап жазылып, ризық-несібесі артады. Кімде-кім ораза ұстағанға ауыз аштырса, оның күнәлары кешіріліп, ораза ұстағанның сауабындай сауап алады, одан ораза ұстаушының сауабы кемімейді. Бірде сахабалар ардақты Елшіге (с.ғ.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Біздің әрбіріміздің ораза ұстағанды тамақтандыруға шамамыз жете бермейді» – дегенде Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Алла Тағала ең болмаса бір түйір құрма, тіпті бір ұрттам сумен болса да қамқорлық жасағанға сауабын береді …» – деген.
Сондықтан кедей-ғаріптерді бір күн болса да тойындырып, қараусыз қалған мүсәпірлердің жанынан табылсақ, Алла Тағаланың шексіз рақымына бөленеріміз хақ.
Осы тұста еліміздегі барша кәсіпкер азаматтарды осындай ұлық Рамазан айында берілетін мол сауап үшін өзгеге қол ұшын созып, қайырымдылық жасауға, игі іс-шараларды мейлінше көбірек атқаруға шақырамын. Жұртымыз қасиетті айда Алла Тағаланың ашуы мен қаһарын тудыруға себепші арақ-шараптан, шариғатымыз тыйым салған басқа да харам іс-әрекеттерден аулақ болса деген тілегім бар. Мейрамханалар мен жиын-тойларда ішкіліктің ешбір түрі ішілмесе, дүкендерде сатылмаса.
Сөз соңында айтарым, оразаның жылдан-жылға он күнге кейін шегерілуіне байланысты биыл тамыздың алғашқы күндерінен басталып, ыстық аптапқа тұспа-тұс келмек. Бұл өз кезегінде мұсылман жамағатының төзімділігі мен сабырлылығына сынақ іспетті. Шілденің аптап ыстығында ауыз бекітсек, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сүйіншілегендей, жаннаттағы «Райян» қақпасының есігін ашуымызға септігін тигізер, иншаллаһ!
Құрметті әлеумет! Баршаңызға тауфиқты ғұмыр тілеймін. Ниеттеріңіз қабыл, мұраттарыңыз асыл болсын! Жүздеріңізге нұр, жүректеріңізге иман шуағы ұялай бергей! Жұртымыз тыныш, Отанымыз аман, тәуелсіз еліміздің мәртебесі асқақтап, ынтымағымыз жарасып, Алла Тағаланың құт-берекесі дари бергей!
Айт күні – аса салтанатты, қуанышты күн. Әр иманды адам осы қасиетті күнге ерекше дайындалып, оны мейрамдап өткізсе нұр үстіне нұр. Мен Сіздерге әлемдегі бар жақсылықты тілеймін.
Жарапазан айта келдім есігіңе,
Қошқардай бір ұл берсін бесігіңе.
Мол дәулет, қайтпас ырызық бере берсін,
Шалқысын көлдәрия несібіңе.
Тәңірім қажымас қайрат берсін,
Ішсе де сарқылмайтын суат берсін.
Көңілің көпке деген шалқар болсын,
Талабың асқар таудай дарқан болсын.
Тәңірім құт береке бере берсін,
Мыңғырған мал өріске өре берсін.
Басыңнан бақ дәулетің еш кетпесін,
Дос сүйініп, дұшпаның басын исін.
Бақ қонсын, дастарқаның мол болсын,
Жолдасың қабағы ашық сайлы болсын.
Тасың өрге домалап әрқашанда,
Жанұяң бәрі ылайық жайлы болсын
Қадірлі мұсылман бауыр лар, құрмет ті отандастар!
Мейірім ді, рахымды Алланың атымен бастаймын!
Міне, айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айы мен қимай қоштасатын күнге де таяп қалдық. Еліміздегі барша мұсылмандар күннің аптапты ыстығына қарамастан, тамыз айын жақсы ниетпен, тақуалықпен, оразамен өткізді. Кездескен қиындықтарға сабыр етіп, Жаратушы Иеміздің разылығына ұмтылды. Ми қайнатар ыстықты ауырсынбай ораза ұстауға төзе алған жан, өмірдің басқа да сынақтарына сабырлық таныта алатыны сөзсіз.
РАҚЫМ АЙЫ – РАМАЗАН ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар!
Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді мүбәрак Рамазан айының келуімен құттықтаймын!
Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Күнделікті тіршілік қамымен жүретін пенденің жүрегіне бұл айда иман нұры құйылады. Өйткені, ораза адамды тақуалыққа тәрбиелейді. Сабырлық, қайырымдылық, мейірімділік, бауырмалдық секілді адамдық асыл қасиеттер артып, иман күшейеді. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай. Бұл – Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі.
Сауаптар еселеніп жазылатын айда жасалған қайырлы істің қайтарымы адам баласы үшін құпия-сыр. Тіпті, ауыз бекітушіге берілетін сый мен сауап, құрмет пен марапат пайғамбарлар мен періштелерге де белгісіз.
Құдси хадисте Алла Тағала: «Ораза – тек Мен үшін. Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін. » – деп оразаның қадірі мен қасиетін, мәні мен маңызын баяндаған.
Шарапаты мен шапағаты мол айда күнәлі істерден бас тартып, сауап жинауға, ішкі дүниемізді тазартуға, Жаратушының разылығына бөленуге асығайық!
Рамазанның қадірін жақсы түсінген сахабалар оразаға алты ай қалған сәттен бастап: «Раббымыз, бізді Рамазан айына аман-есен жеткізе гөр!» – деп дұға еткен. Пенденің осы айда ұстаған оразасы, қосымша құлшылықтары, өзгелерге жасаған қайырымдылығы, барлық сауапты амалдары еселеніп жазылады.
Ораза – күндіз тек ішіп-жеуден өзін шектеу деген сөз емес. Ораза – рухтың азығы, тәннің шипасы. Рамазан жан мен тәнді рухани тазартатын, мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі. Аузы берік жандар әдеп білмес пенделердің өзіне жасаған кейбір оғаш іс-әрекеттерін көріп, тұрпайы сөздерін естісе де: «Мен оразамын», – деген бір ауыз сөзбен нәпсісіне тоқтау салып, сабыр сақтайды. Ал сабыр иесіне берілетін сый – жәннат.
Денсаулығына байланысты немесе кәрілік жетіп ораза ұстауға шамасы жетпеген адамдар ауыз бекіткен кісілерге ауызашар берсе, ол да – үлкен сауап. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала ең болмаса бір түйір құрма, тіпті бір ұрттам сумен болса да қамқорлық жасағанға сауап жазады…» – деген.
Биыл маусым-шілде айларына тұспа-тұс келген Рамазанда ауыз бекітуге күннің ыстығы кедергі келтірмейді деп сенеміз. Себебі, оразаны рухани тұрғыдан сезінген жан Алланың теңдессіз сыйынан шет қалғысы келмейтіні хақ.
Рақым айы – Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп еткей!
Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әумин!
© Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Тосты на свадьбу на казахском языке
Тойларыңыз құтты болсын! Махаббатарыңыздың баянды болуын тілейміз! Бар армандарыңыз орандалсын! Қол ұстасыпб ұзақ өмір сүріңіздер! Бақытты, ұзақ өмір тілейміз! Өмірде денсаулық пен байлық, татулық пен ынтымақ тілейміз! Тойларыңыз тойға ұлассын! Балаларыңыз коп болсын, бақытты ұзақ өмір сүріңіздер! Жолдарың ашық, отбасыларың тату болсын!
Поздравляем вас с днем свадьбы! Желаем вам сохранить вашу любовь! Пусть сбудутся все ваши мечты! Живите долго рука об руку много лет! Счастливых долгих лет желаем! Желаем вам в жизни здоровья, богатства, мира и тепла! Пусть всегда у вас будет веселье! Желаем вам долго и счастливой жизни с кучей детей! Пусть будет светлою дорога, пусть будет дружною семья!
Дорогие молодожены! Поздравляем вас с вступлением в законный брак! От чистого сердца желаем вам сохранить вашу любовь навсегда! Сегодня самый счастливый день в вашей жизни. В народе говорят: «Женится легко? Семью создать трудно». Я хочу пожелать вам взаимопонимания, любви и согласия! желаем вам пронести свое счастье через всю свою жизнь!
Аяулы күйеулер және қалыңдық! Қазiргiдей, отбасылық өмiр тiлектi сiздiң отбасылық ошағыңыздың жалыны дәл осылай күйiп-жанды сiздiң бақытты көздерiңiз жарық жылтырау үшiн сiзге тату және құмар болды!
Дорогие жених и невеста! Желаем вам, чтобы пламя вашего семейного очага горел так же ярко, как сейчас светятся ваши счастливые глаза, а семейная жизнь была дружной и страстной!
Махаббат мейлi сiздiкi ешқашан бiтпейдi! Мейлi барлық өткiзедi, не туралы армандайсыңыз! Өмiр мейлi ұзақ және әдемi, сiздiң үйiңiзде бала күлкiсi ешқашан өшетiн болмайды! Мейлi жылу әрдайым сiз, және жүрекке үйде! орнайды
Пусть любовь ваша никогда не кончается! Пусть сбудется все, о чем мечтаете! Пусть жизнь будет долгой и красивой, а в вашем доме никогда не смолкает детский смех! Пусть тепло всегда царит и в доме вашем, и в сердце!
Егер әлемдi жанұяда және орнатылса, сонда және аманшылық сiздiң үйiңiз тараппен айналып өтпейдi! Бiр-бiрiн сақтаңыз бұл өзi жоғарғы құндылықты, ата-аналар және әйел және күйеудi сыйлаңыз, өмiрдi сiзге iлтипатқа алатын әрбiр iлез сонда бақыт сiздi әрдайым қоса жiбередi қадырлейсiңiз!
Если в семье мир и покой, тогда и благополучие не обойдет стороной ваш дом! Берегите друг друга как самую высшую ценность, уважайте родителей и жены и мужа, цените каждое мгновение, что дарит вам жизнь, и тогда счастье будет сопровождать вас всегда!
Бір ұлы дана » Біз өмірге шыр етіп келгенде емес, жүрегіміздегі махаббат сезімі оянған сәтте ғана өмірге келеді екенбіз. Өйткені махаббат адамға ұшатын қанат береді және де оны мейірімді етеді, сонымен қатар ол бүкіл әлемді өзінің жылуымен құшагына ала алады» деген екен.
Один мудрый человек сказал: «Мы начинаем жить ни с момента появления на свет, а с того момента как в нашем сердце начинает пробуждаться любовь. Потому что только любовь дает крылья человеку, делает его добрым, кроме того она своим теплом окутывает весь мир».
Қымбатты жас отаудың иелері, сендердің махаббаттарың Қозы мен Баянның махаббатынан кем болган жоқ. Барлық қиындыққа төтеп беріп, міне, бүгін екеуіңнің шаңырақ көтергендеріңнің куәсі болып отырмыз. Сендерге тілеріміз: махаббаттарың баянды болып, бір-біріңе деген ыстық сезімдерің суымасын, жұптарың жазылмасын деп тілейміз! Бастарыңа бақ құсы қонсын!
Уважаемые молодожены, ваша любовь была ничуть не меньше чем любовь у Козы и Баян. Мы смогли противостоять всем недугам, и вот сегодня мы все тут присутствующие тали свидетелями вашего воссоединения. Так примите наши пожелания: пусть ваша любовь будет верной, ваши чувства друг у другу никогда не остывали, будьте всегда вместе и не разлучайтесь! Пусть птица счастья никогда вас не покидает!
Как два белых лебедя,
Начинаете вы свою историю своей семейной жизни.
Пусть будет крепок ваш союз,
пусть будет прочным порог вашего дома.
Пусть все ваши начинания пойдут в гору.
Пусть будет чаша полным-полна!
Дом – это наша маленькая родина,
так пусть она будет крепка на века!
Құрметті ____________________!
Сендердің заңды некелерің құтты болсын. Сендерге Алатаудың шыңындағы ақ қардай таза пәк көңіл, сол шыңдардан сарқырай аққан кәусар бұлақтай мөлдір махаббат тілеймін. Сендерге алтын күздің ырысын, денсаулықтың қыстай мықтысын, көктемдей көл-көсір өмір, жаздай жадыраған өмір тілеймін. Қыздарың моншақты, ұлдарың оншақты болсын. Шаңырақтарыңның керегесі кең, терезесі тең, босағасы берік, еңсесі «Келісім сарайындай» биік болсын!
Дорогие ____________________!
Поздравляем вас законным браком!
Желаем вам чистой любви как снег вершин Алатау, кристально чистой любви как ручьи Алатау. Желаем достатка. Крепкого здоровья как мороза зимнего, весенней жизни и тепла летнего зноя. Чтобы были дочери бусинки, и десяток мальчиков. Желаем всего наилучшего, что есть на земле!
Желаем молодоженам: Крепкого здоровья, чистого мирного неба, Кристально чистой любви. Пусть будет крепким ваш очаг, будет хлеб – будет и песня. Единогласие – путь к достатку. Уважайте своих родителей, будьте взаимно вежливыми.
Бүгінгі заңды некелерің, Үйлену тойларың құтты болсын. Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын! Ал «махаббат» байлық пен бақыттың қолдағанын ұнатады дейді, ендеше бай болыңдар, бақытты болыңдар! Үйлеріңде молшылык пен береке, бакыт пен шаттык, бірлік пен ынтымақ болсын! Араларыңда тек қана сыйластық пен түсіністік орналассын. Жолдарың ашық отбасыларың тату болсын. Өмірде қуаныштарда да, қиыншылықта да бірге болыңдар. Бірақ қуанышты сәттерің 100 есе артық болсын. Жұптарың жазылмасын, бірге қол ұстасып ұзақ өмір сүріңдер. Екі жаққа да сыйлы болыңдар! Аспандарың ашық болып, дастархандарыңнан қонақ үзілмесін! Екеуің осылай күлімдеп, жаркырап алдымызда жүре беріндер!
Разрешите поздравить вас с законным бракосочетанием! Желаем вам крепкого здоровья, пусть любовь станет вашей путеводной звездой. Пусть ваш дом будет полной чашей. Желаем вам, чтобы между вами царили взаимопонимание и поддержка. Пусть вам всегда сопутствует удача. Будьте вместе и в горе, и радости. Пусть радостных моментов в вашей жизни будет во сто раз больше, чем грустных. Никогда не расставайтесь, пройдите по жизненному пути, держась за руки. Будьте уважаемы всеми родственниками. Пусть небо над вами будет чистым и ясным! Пусть ваша семья прослывёт хлебосольной, а дом будет полон гостей.
Жастарға тілейтінім: Зор денсаулық, ашық аспан, мөлдір махаббат!
Құрбан айт мейрамы қабыл болсын, айт мерекесі, ораза айт құтты болсын (орысша, на русском)
Қазақша / На казахском языке: | Орысша / Перевод на русский язык: |
Айтыңыз құтты болсын! | С праздником айт. |
Айт құтты болсын! Алла тағала барлық тілектерінізді қабыл етсін! | С праздником айт! Пусть Аллах исполнит все ваши желания! |
Құрбан айт қабыл болсын! Алладан рахым, пайғамбардан шапағат келсін! | С праздником Курбан айт! Милости вам от Аллаха и щедрости от пайгамбара! |
Қасиетті құрбан айт қабыл болсын! Қаламың карымды, еңбегің арынды, денсаулығың зор бола беруіне тілектеспін! | Со священным праздником Курбан айт! Желаю вам крепкого здоровья, плодотворного труда и благополучия! |
Құрбан айт мерекелерің құтты болсын! Құрбан шалып, ниет еткендердің ниеті қабыл болғай. Жаратқан елімізге бейбітшілік, әрбір шаңыраққа, әрбір азаматына аман-саулық бұйырта көрсінші деп тілеймін! | Поздравляем с Курбан айтом! Если помянули усопших и вспомнили бедных – это очень хорошо. Желаем каждой семье благополучия, здоровья! |
Құрбан айты мүбәрәк болсын! Отыз күн оразаның ішіндегі тілектеріңіз қабыл болсын! Алла тағала келер жылдардың айт мерекесіне аман-есен жеткізуге жазсын! | Курбан айт – 30 дневная ураза пусть принесет вам удачу и исполнения всех ваших желаний! |
Құрметті мұсылман бауырлар мен отандастар!
Ұлық мереке құтты болсын! Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла тағала қабыл етсін. Әрбір отбтсына бақыт, береке қонғай! Көп ұлт пен ұлысты Отанымызға бірлік пен ынтымақ бергей!
Жаратушы иеміз сүйікті Қазақстанымыздың мерейін үстем етіп, халқымыздың ауыз бірлігін арттыра бергей!
Айттарыңыз қабыл болсын,
Бар жақсылық тамылжысын.
Ұлы Алла жарылқасын,
Жақсы етсін қарымтасын.
Жақсы тілеу үзілмесін,
Жемісі мол күзін берсін.
Есіктерің ашық болсын,
Ыдыстарың асып толсын.
Айттарыңда Қыдыр Ата,
Жақсылығын, шашып келсін.
Отбасыларың аман болсын,
Бейбітшілік заман болсын.
Бар қызықты ел жұртыңмен
Көретұғын шамаң болсын
Әмин, Аллаһу Әкбар!
Ата-анаңды пір тұтып, мақтан,
Күндерің болсын, күн нұрын шашқан.
Қыйналған кезде, қол беріп Қыдыр,
Таңдарың болсын, арайлап атқан.
Сақтасаң деген, сақтаймын,-деп еді Алла
Жамандық етер, жиынға барма,
Жалқаулық адам, жауы деп ұғып,
Ата-анаңа, ауырлық салма.
Түнде жорытқан, ұрыдан сақтан
Қара жүрек, қудан сақтан,
Адал ойды лайлайтын,
Өтірікші зудан сақтан
Елімізді жаусыз ет,
Дұшпандарды елсіз ет.
Ұл-қызымды, мінсіз ет.
Бейбітшілік заман болсын,
Отбасыларың аман болсын.
Ұл-қызыңның болашағын,
Көретұғын шамаң болсын.
Дендеріне саулық берсін,
Несібеңді молғып берсін.
Жақсылықты жаршы етіп,
Ұлы Алла жарлық берсін.
Болсын аман туыстарың,
Жаман іске жұғыспағын.
Болмашыға өкпелесіп,
Достарыңмен суыспағын.
Мен тілеймін оңдасын деп,
Ұлы Алла қолдасын деп.
Осы отырған барлығыңа,
Еш жамандық болмасын деп.
Көл – көсірғып елге бақ бер,
Әрқайсыңа ұзақ жас бер.
Қосылсаңдар қол жайыңдар,
Қабыл болсын, АллаҺу Әкбар!
Әмин десең Алладан,
Берсін дейік қол ұшын.
Періштең кетпей айланып,
Жаман істен қорысын.
Пайғамбардың ақ жолын,
Қыдыр әкеп дарытсын,
Алтынды ерлі ақбоз ат,
Астыңда жүріп арысын.
Қиналғанда достарың
Қасыңнан әр кез табылсын.
Береке сақтап ұлдарың,
Тату өтсін абысын.
Айналаңнан кетпесін,
Жақының мен алысың,
Дастарқаның жиналмай,
Еселеп өссін табысың.
Саған біткен мал – басқа,
Қожай, Даурен дарысын.
Әмин, АллаҺу Әкбар!
Дендеріне саулық берсін
Өмірлеріңе жететін байлық берсін.
Ұл балаларын ынтымақты болсын,
Қыз балаларын гүл сияқты болсын.
Келіндерін ырысты болсын,
Айтпай білетін, білісті болсын.
Құдаларың сыйласатын болсын,
Құдағиларың сырласатын болсын.
Туысқандарын тату болсын,
Қиналсаң түсіп, атын берсін.
Көршілерің туысқандай болсын,
Жақсылығы досыңдай болсын.
Ел-жұртың қадірлейтін болсын,
Бар мәзірің алдына әзірлейтін болсын.
Ынтымағы елімнің бұзылмасын,
Берсін Алла бәріне ұзын жасын.
Ендігі жерде қиыншылық болмаса екен,
Осы ойымды бір Алла қолдаса екен.
Тілегімді қабыл ет,
Иманыңды азық ет,
Барлығыңның сыртыңнан,
Қорғап жүрсін Қазірет
Әмин Аллаһу Әкбар!
Дендеріңе саулық берсін,
Өмірлеріңе жететін байлық берсін.
Ұл балаларың ынтымақты болсын,
Қыз балаларың гүл сияқты болсын.
Келіндерің ырысты болсын,
Айтпай білетін, білісті болсын.
Құдаларың сыйласатын болсын,
Құдағиларың сырласатын болсын.
Туысқандарың тату болсын,
Қыйналсаң түсіп, атын берсін.
Көршілерің туысқандай болсын,
Жақсылығы досыңдай болсын.
Ел-жұртың қадірлейтін болсын,
Бар мәзірін алдыңа әзірлейтін болсын.
Ынтымағы елімнің бұзылмасын,
Берсін Алла бәріне ұзын жасын.
Ендігі жерде қиыншылық болмаса екен,
Осы ойымды бір Алла қолдаса екен.
Тілегімді қабыл ет,
Иманымды азық ет,
Барлығыңның сыртыңнан,
Қорғап жүрсін Қазірет.
Әмин, Аллаһу Әкбар!
Батасын тура жолына,
Қайыр берсін соңына.
Кіріптар етпе бір Алла,
Залымның құрған торына.
Залымдық жолға жүргізбе,
Көңілге шайтан кіргізбе,
Тәубәсіз пенде атантып,
Дұшпаныма күлгізбе.
Дұшман көңілін семіртпе,
Тұрақсыз ғылып еліртпе,
Қиямет-мақшар күнінде,
Шерманда етіп телміртпе.
Шын тұрақты тілегім,
Былғанбаса екен жүрегім,
Әшһәду әл-ләә иләһә ил-лаллаһ,
Тайаныш мықты тірегім.
Құлшылық етіп Аллаға,
Құдіретіне сенгенмін.
Мұхәммәдәр-Расулуллаһ
Сүндетіне енгенмін.
Сенімін зор Құдайға,
Құдайсыз болса ұнай ма.
Сене алмаған адамның
Жүрегі ауыр ылайға.
Алдағы өмір жарық етер,
Зырлап барып жалт етер,
Үстіндегі адамзат,
Сыпырылып, жерге жалп етер.
Топырақ басар денесін,
Сонда не күй көресің.
Ерікті Алла сұраса,
Не деп жауап бересің.
Мүмкір, мәнкір қолға алар,
Алдында сұрақ бересі.
Қырық қадам кеткен соң,
Жатқан жерден тіріліп,
Сұраққа жауап берерсің.
Бар күнәңді тартасың,
Көрешекті көрерсің.
Ғамал дәптер оң жақтан,
Берілсін деп тілейік.
Әл-ләә ил-ләлләһ деп,
Иман айтып жүрейік,
Арам істен аулуқ боп,
Дін жолымен жүрейік.
Сақтасын Алла тозақтан,
Әмин деп қол жайдым,
Осы менің тілегім.
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарханым мол болсын,
Абыройын зор болсын.
Көре алмаған бағыңды,
Сыңдыра алмаған сағыңды,
Дұшмандарың жер болсын.
Өмірің өрлей берсін,
Жүргенде жолың болсын.
Жолдасың Қыдыр болсын.
Аллаға ісің жақсын,
Есігің қыбылға бақсын.
Дәулетің судай тасысын,
Шаппай қылышың кессін,
Отбасың басқа толсын,
Қазаның асқа толсын,
Өрісің малға толсын.
Ел-жұртың аман болсын,
Бақытты заман болсын,
Үйіңе береке кіре берсін,
Бала-шағаң, туған-туыстарың,
Бақытты өмір сүре берсін.
Күнің шуақты болсын,
Көлің суатты болсын.
Қонысың өрісті болсын,
Еккенің жемісті болсын,
Еңбегің өнімді болсын.
Әйелің жібектей болсын,
Ары түлектей болсын,
Өнерің өрлей берсін,
Өмірің төрлей берсін.
Шайың қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын,
Несібең таса берсін,
Достарың өсе берсін,
Дұшпаның аяққа баса берсін.
Ата-бабаңның аруағы қолдасын,
Ешқандай жамандық болмасын,
Үйіңе береке берсін,
Ішкен-жегеніңіз балдай батып,
Судай сіңе берсін.
Әмин, Аллаһу Әкбар!