бейбіт сейдуалиева биография год рождения
«Қыздар оның ернінен де сүйіп кеткен кездер болды». Бейбіт Сейдуалиева «Жұлдыздың жары» жобасында 09 октября 2021, 17:13
Бейбіт Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында бағдарламалардан көрінбей кеткеніне не себеп екенін, отбасылық кәсіптері, Тоқтар махаббатының бастауы, жарының азамат ретіндегі мәрттігі, өнер адамына тән көптің сүйіспеншілігі, жан сыры, алдағы жоспарлары туралы әңгімеледі.
Бейбіт сұхбат барысында өнер адамына қызғаныш тән емес екенін, жарына келген хаттарын бірге оқығанын еске алды. Тіпті ер адамдар Тоқтардан оның телефонын сұраған сәттер болған екен.
Бейбіт Жұлдызға берген сұхбатында ана ретінде жан сырын бөлісіп, тұңғыштары мен егіздердің арасында неге ұзақ уақыт балалы болмағанын әңгімеледі.
Айта кетейік, бағдарлама қонақтарының арасында әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың, әнші Төреғали Төреәлінің, актер Рүстем Жаныамановтың және тағы басқа жұлдыздардың жұбайлары болады.
Сенбіде, 9 қазанда сағат 10:00-де «Жетінші арнадан» «Жұлдыздың жары» шоуының екінші шығарылымы көрсетілген еді. Ал сағат 17.00-де TengriTV YouTube-арнасына жариялап отырмыз. Жазылуды ұмытпаңыз!
Әр сенбіде «Жұлдыздың жары» жобасын «Жетінші арнадан» сағат 10:00-де тамашалаңыздар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
«Өнер табыстырған жұлдызды жұп» Тоқтар мен Бейбіт туралы не білеміз?
Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева – өнерде де, өмірде де жұптары жазылмай жүрген қос әнші. 2000 жылдардың басында танысқан жұлдызды жұп жеті жылдан кейін шаңырақ көтеріп, қазір көпке үлгілі отбасы, алтын асықтай төрт ұл тәрбиелеп отырған жайы бар.
Тоқтар Серіков 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында дүниеге келген. 1999 жылы қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Әнші, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, сазгер. Әкесі осыдан төрт жыл бұрын қайтыс болған, ал анасы Маруся Назарбекқызы Алматыға немерелерін көруге жиі келіп тұрады. Тоқтардың анасы он бір құрсақ көтерген, бірақ бүгінде тек тоғыз баласы ғана қасында. Әншінің әке-шешесі өнерден құр алақан емес, марқұм әкесі жас кезінде тойларда асаба болып, домбыра тартқан өнерлі жан болған екен.
Тоқтар Серіковтің аяулы жары Бейбіт Сейдуалиева 1979 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында туған. Тараз қаласындағы М.Дулати атындағы мемлекеттік университетті тәмамдаған. Бейбіт те Тоқтар сияқты көп балалы отбасынан шыққан. Анасы біраз жыл бұрын дүниеден озған, ал әкесі екінші рет шаңырақ көтеріпті.
Бұл жұлдызды жұпты өнер табыстырды десе де болады. Ерлі-зайыпты алғаш рет Алматыда өткен «Нұр-Мұқасан» тобының концертінде танысады. Ол кезде Тоқтар Серіковтің енді ғана аты шығып, елге таныла бастаған шағы.
Алғашқы таныстықтан кейін қос әнші ұзақ уақыт аға-қарындас болып араласады. Бірде Тоқтар Серіков концертінде қыз баламен қосылып, ән айтпақшы болып, өзіне жақсы жұп болатын әншіні іздей бастайды. Ұзақ ойланып, өнердегі ағаларымен ақылдаса келе, таңдауы Бейбітке түседі. Сөйтіп екеуі алғаш рет дуэт болып, «Өзің ғана» деген әнді шырқайды.
«Кукла Борбиге» айналған Бейбіт
Бейбіт Сейдуалиева орыс тілді балабақшаға барып, орыс мектебін тәмамдаған екен. Содан болса керек, қазақ тілін жетік білмей, ана тілінде ойын толық жеткізе алмайтын кездері болған. Тіпті қазақша әндердің сөзін марқұм анасы орысшаға аударып, мағынасын түсіндірген екен.
Ал «кукла Барби» емес, Борби атануын әнші былай деп күліп еске алады:
Бейбіт Сейдуалиева: Отбасылық өмірімізде қиындықтар аз болмады
«Zhuldyz.tv» арнасының «Сенбілік серуен» бағдарламасының кезекті қонағы болып келген Бейбіт Сейдуалиева әңгіме барысында жан сырымен бөлісті. «Отбасылық өмірімізде қиындықтар аз болмады» деген әнші жары Тоқтар Серіков екеуінің арасына түскендер туралы айтты.
«Шыны керек, қарсы қойып, арамызды бұзушылар болды. Екеумізді болар-болмас сөзге бола екі жаққа бөліп, ажырастырып жіберген күндер де бар. Бір таңғалғаным, құдайдың бұйрығы деген керемет бір нәрсе бар. Алла тағала ол адамды сенің жарың болуға бұйыртып, өмір бойына бірге болуды жазса, сен ешқайда кетпейді екенсің.Қанша қиыншылық болып жатса да, қанша «көрмегенім сол болсын» деп, қиылысатын жолдардан ары-бері қашып жүргенде бәрібір айналып келіп топ еткізіп кездестіріп қояды екен. Сондай сәттер бізде өте көп болды«, — деді Бейбіт Сейдуалиева.
Бейбіт пен Тоқтардың махаббатарына халық та куә болған. Екеуін таныстарған да, табыстырған да киелі сахна. Қазір өмірде де, өнерде де бірге жүрген отбасының 3 торсықтай ұлдары бар. Үлкен ұлдары Беколжасты халық «Жұлдызды отбасы» бағдарламасынан таниды. Одан кейін Бейбіт өмірге Әлинұр, Сағинұр есімді егіз ұлдарды алып келді. Әншілер өнерден бөлек, жеке бизнеспен де айналысады.