Петропавл ауыр машина жасау зауыты

Петропавл ауыр машина жасау зауыты

Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Смотреть фото Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Смотреть картинку Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Картинка про Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Фото Петропавл ауыр машина жасау зауыты

To view this video please enable JavaScript, and consider upgrading to a web browser that supports HTML5 video

Петропавл ауыр машина жасау зауыты тактикалық ракета кешенін шығаруды қайта қолға алмақ. Сонымен қатар, азаматтық қорғаныс бағытындағы өндірісті де нығайтпақ. Ал, Киров атындағы зауыт болса, 2,2 млрд теңгеге жаңғырту жұмыстарын жасамақ. Мұнда қазір қорғаныс, мұнайгаз және теміржол саласына қатысты өнімдер шығарылуда. Петропавлдағы қос зауыттың жұмысымен Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған бір топ өкілдері танысып шықты.

Бүгінгі таңда Киров атындағы зауыт «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына еніп, сол бағытта жұмысты нығайтуда. Осы бағытта өндіріс ошағының басшылығы екі жобаны жүзеге асырмақ.Ол көп қабатты баспа платалары мен арнайы микросхема жасап шығаратын фабриканың құрылысы. Қос жоба жүзеге толық асырылатын болса, он жылдың ішінде зауыт 20 миллиард теңге пайда табуға мүмкіндік алады. Мұнда дәл қазір мұнайгаз, теміржол саласына қажетті өнімдерді шығарады. Өндіріс қуаттылығы жылына шамамен 7 млрд теңге.

АМАНГЕЛДІ АРҒЫНБАЕВ, «С.М.КИРОВ АТЫНДАҒЫ ЗАУЫТ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

— Қазір бізде қолымызда 4,5 млрд теңгенің келісім шарты бар. Бұл сома өткен жылғының көрсеткішімен сәйкес. Бірақ, ол бір жылдық мөлшер болса, биыл оны жарты жылда жасап отырмыз. Биыл өндірісті екі есеге көтеруге ниеттіміз. Шет елдік компаниялармен әріптес орнаттық. Оның ішінде ЛБТ Системс, атақты Талейкран радиостанциясы, Ресейлік Мейкран компаниялары бар.

Киров атындағы зауыт – сандық, эфирлік және жерсеріктік өнідірісті біріктіре алған жалғыз отандық кәсіпорын. Зауыт алдағы уақытта да инвестициялардың арқасында модернизациядан өтіп, жаңа құрылғыларды сатып алуды көздейді. Оған 2,2 млрд теңге қаржы қажет. Зауыт басшылығының айтуынша, олар алдымен мемлекеттік құпияларды сақтауға арналған өнімдерді шығарып жатыр. Алайда, Дариға Назарбаева жеке сектор үшін де жұмыс жістеу қажет деді. Ақша таба білу керек дейді.

Қорғаныс пен әскери салаға радио және мобильді байланыс үшін өнімдерді шығаратын зауыттың жұмысына комитет мүшелері жоғары бағаларын берді. Олар әрдайым отандық өнімді қолдауға әзір екендіктерін айтты.

ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

— Петропавлда біздің қарулы күштерді қажетті өніммен қамтып отырған бірнеше кәсіпорын бар. Олар әскер және қарулы күштерге арнайы құралдарды шығарады. Зауыт қазір заманауи жабдықтарды жасай бастады. Ол өте қуантады. Кәсіпорынның біздің күш құрылымдарының қажеттілігін қамтамасыз етуге шамасы жетеді. Ол полигонда қолданылатын құралдар мен радио-релейлі радиостанциялар.

ВАДИМ ШАҚШАҚБАЕВ, «ПЕТРОПАВЛ АУЫР МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

— Біздің басты тапсырыс берушіміз қорғаныс министрлігінің қолдауымен, арнайы тактикалық радио кешендерін шығаруды қолға алмақпыз. Сәйкесінше реактивті артиллерия, оқ-дәрі шығаратын боламыз. Қазір жоспар бар.Серіктес те табылды. Бұл бірнеше мәселені шешуге сеп болады. Ол алдымен ескірген әскери оқ-дәрінің көзін жоюға және біздің әскерилердің дайындығына жаңа өнімді қолдануға болады.

Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева мен мүшелеріне зауыттың алдағы жоспары туралы толық мағлұмат берілді.

Зауыттарды аралаған сенаторлар біз алдымен әскери қару-жарақтардың өзімізде шығарылуын қарастырып жатырмыз. Сондықтан алдымен қорғаныс саласындағы техниканы отандық зауыттарда өндіру қажет дейді. Ол үші қаржы да бөлінген. Шет елге телмірмейтін боламыз деп отыр.

НҰРЖАН НҰРСИПАТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

— Қару-жарықтың бәрін бізде шығарудың мәселесін қарастырып жатыр. Соған көп ақша бөлінді. Бізді қуантатындығы, біздің іскер мамандар тартылған. Қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Байланыс құралдары, ақпарат аппаратын бізде шығарып жатыр. Қазір 50 пайыз отандық, бірақ кей детальдарын шет елден алуға мәжбүрміз.

Әзірге біздің зауыттар толықтай әскери техниканы өндіріп жатқан жоқ. Кей бөлшектер сырттан жеткізілуде. Алайда, болашақта «қазақстандық» өнімді шекара асырып сату көзделіп отыр.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Источник

Петропавл ауыр машина жасау зауыты жаңа өнім шығармақшы

21:20 24 Маусым 2016 10136

Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Смотреть фото Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Смотреть картинку Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Картинка про Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Фото Петропавл ауыр машина жасау зауыты

Автор:

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ KADEX-2016 қару-жарақ көрмесінде өздерінің жаңа әзірлемелерін ұсынды. Кәсіпорын осы әзірлемелерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс барысында шығаруға үміттеніп отыр, ал әзірге кәсіпорынмен шығарылатын өнімнің 90%-ы азаматтық секторға ұсынылған. Осы жайында abctv.kz порталына «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-тың бас директорының орынбасары Серік Есенов айтып берді.

— Компания KADEX-2016 көрмесінде қандай өнімді ұсынды?

— Біз «Кең спектр» дүркін атыс зымыран жүйесінің сұлбасын ұсындық. Бұл өнім бойынша нақты жұмыстар жүргізілген, ол –жетілдірілген жүйе. Біз әскери атысқа алдын ала сынақ жүргіздік. Сынақ өте жақсы өтті. 70 км қашықтықта мақсаттан ауытқу бір метрді құрады.

Келешекте осы кешен бойынша әскери сынақтарды өткізу жоспарланып отыр, ол бойынша Қорғаныс министрлігі шешім қабылдауы қажет. Сонымен қатар, ЗОУ-232 зеңбірек қондырғысын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді. Ол бойынша да полигонда құрылғыны алдын ала сынақтан өткіздік. Сынақ барысында анықталған кемшіліктердің барлығы жойылып, толықтырулар жүргізілді.

Қорғаныс министрлігіне баяндау –хат берілді. Қазір біз де шешімін күтіп отырмыз. Ол жерде осы зеңбірек қондырғыларының әскери сынағы өтуі керек.

— Иә. Сынақ өтуі керек. Бүгінгі күні бұл үлгі Ресейде қолға алынған, сондықтан олардың сериялық жаңғырту туралы шешім тез қабылдануы керек. 2017 жылдан бастап Қорғаныс министрлігі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сериялық жаңғыртуға тапсырыс береді деп ойлаймыз.

— Яғни, бұл машиналар кәсіпорындарыңызға жаңғыртуға кіреді ғой?

— Иә. Олардың көлемі әскерде өте көп. Олар біздің зауытқа жаңғыртуға берілетін болады. Қайыстарды айырбастау мен аппараттарды іске қосу нәтижесінде әскери машинаны қолданудың тиімділігі одан әрі арта түседі, себебі бұрылу жылдамдығы басқа болады және дәл тигізудің басқа да параметрлері пайда болады. Яғни, пайдалану сипаты басқаша болады.

— Дүркін атыс жүйесі жайында не айтуға болады.

— Бұл қанша уақытты алады?

— Шешім биылғы жылы жылдың соңына дейін қабылданады деп ойлаймын.

— Яғни, келесі жылдан бастап қаруландыруға түседі ғой?

-Барлығы жақсы болса, түсуі мүмкін.

— Әңгіме Қорғаныс министрлігінің ішкі нарығына шығару туралы ғана болып отыр ма?

— Иә. Әзірге ішкі нарыққа ғана шығарылады, әйтсе де бұл өнім экспортқа шығаруға бағытталған.

— Оған шетелдің қызығушылығы бар ма?

— Қызығушылық бар. Осыған ұқсас жүйелер кейбір елдердің қарулануында тұр, сол себепті көптеген елдер осындай қаруды алуға қызығушылық танытуда.

— «Стрела» жайында айта аласыз ба?

— «Стрела-10» бойынша жаңғыртуды ұсынып отырмыз. Олар да біздің Қазақстан Қарулы күштерінде бар. Жаңғырту жұмысы нәтижесінде іске қосу үлгісі толықтай ауыстырылатын болады. Бүгінгі күні іске қосу үлгілері өндірістен шығып қалған ракеталарды қолдануда. Ол ракеталардың саны аз қалды. Сондықтан оларды «Стрелец» іске қосу үлгісіне ауыстыруды және «Игла-С» ракеталарын іске қосуды өндіруді ұсынамыз. Осымен бірге, қашықтық алты километрге дейін созылады, мақсатқа қол жеткізу, мақсатты қолдау автоматты түрде іске асады да, осы ЗРК-ның тәулік бойына жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Яғни, жылу визиялық оқпан, бақылаудың оптикалық жүйесі енгізіледі. Оптикалы-электронды станцияның кешені енгізіледі де, кейбір ішкі аппараттар өзгертіледі, яғни, кешенді жаңғырту ұсынылады. Қорғаныс министрлігінің қызығушылығы бар. Қазір шешімді күтіп отырмыз.

— Қазақстандық жылу визорларын қолданасыздар ма?

— Қазақстандық жылу визорларын қолдануға болады, бірақ ол жердегі оптикалы-электрондық станция ресейлік болатын шығар.

— Азаматтық өнімге қатысты не айтасыз. Бұрын оны «ҚазМұнайГаз» үшін жеткізетін едіңіздер ғой.

— Иә, бізде азаматтық өнімнің түрі көп. Өндірісіміздің көлемі 90%-ы азаматтық өнімге жіберіледі. Бұл мұнай өндіру, мұнайды өңдеу, мұнай химия. Бұған жаңа бағыт энергетика қосылды. Қазір біз жылыту панелдерін жасаудамыз. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық, агро өнеркәсіптік сектор, «Қазақстан темір жолы» АҚ үшін қосалқы бөлшектер жабдықтарының үлкен номенклатурасын жасаймыз. Бізде азаматтық бағыт дамыған. Бізде үлкен конструкторлы- техникалық орталық бар. Біз жаңа өнімнің әзірлемесін өзіміз жасаймыз, өзіміздің өнімімізді жаңғыртамыз, жаңа нарықтарды игереміз. Қазіргі уақытта мұнай өнімі бойынша домкрат, гидравлика жасауда Ресейдің нарығына шығып, «Уралмаш» кәсіпорнына өнім жеткізудеміз. Олардағы домкраттар күрделі, сол себепті бізге тапсырыс жасайды. Бізде кеңес одағы кезінен гидравлика жасау бойынша үлкен тәжірбиеміз бар. Тәжікстанға күзет жүйесін жеткізуді іске асырудамыз, былтырғы жылы шығардық, биылғы жылы Тәжікстаннан тапсырыс күтіп отырмыз. Қырғызстан нарығына шыққымыз келеді. Кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Әрине, биылғы жылы кейбір қиындықтар болып тұр.

— Биылғы жылы қанша өнім шығаруды жоспарлап отырсыздар? Экспорт қанша болмақ?

— Биылғы жылы шығарылатын өнімнің көлемі 5 миллиард теңгеден артық. Кәсіпорын қуаттылығы өнімді 10 миллиард теңгеге дейін шығаруға мүмкіндік береді. Экспортқа 0,5 млрд. теңгенің өнімін шығарамыз деп отырмыз. Оның жартысы шамамен ресейлік нарыққа шығады.

— Былтырғы жылы қандай цифрлар болып еді?

— Былтырғы жылы экспорт 150 млн. теңге, ал өндіріс 4,5 млрд. теңге шамасында болды.

— Әскери өнімнің үлесі қазіргі 10%-дан өсуі мүмкін ба?

— Иә, өсуі мүмкін, бірақ әзірге аз. Келешекте Ресей нарығына кіре аламыз, қазір мұнай өндіруші компаниялармен жұмыс істеп жатырмыз, алайда олардағы бәсекелестік өте үлкен және қазір Ресейде қытайлық тауар көп. Қытай төлем мен баға бойынша үлкен артықшылықтар береді. Ал біздегі өндіріс шамалы қымбатырақ, әйтсе де біздің өніміміз қытайлық өнімнен жақсы. Біз кепілді де көбірек береміз және біздің өніміміздің қызмет көрсету мерзімі де үлкен, жалпы өнімнің өзі сапалы. Біз қазір біртіндеп Ресейдің нарығына кірудеміз, олар біздің өнімімізді көріп отыр. Тапсырыс болуы керек.

— Бұл елдерге әзірге жеткізілім жасалып жатқан жоқ.

— Бұрын мұнайшыларға өнім жеткізуде қиындықтар туындаған болатын. Қазір мұндай қиындықтар жоқ па?

— Бұл жұмыс барысындағы мәселелер. Техникалық ерекшеліктер келісім алуы керек және шарттар қолданысқа жіберіледі, оларға орындалу барысында қандай да бір өзгерістер енгізілуі мүмкін. Нәтижесінде өнім бәрібір жеткізілуде және өзіміздің міндеттерімізді орындауымыз керек.

— Қазір «Теңгізшевройл», ҚТЖ-мен шарттар ұзақ мерзімге жасалған ба?

— Иә, Теңгізшевройл компаниясымен ұзақ мерзімге шарт жасағанбыз. Қазір жыл сайын қосымшалармен толықтырылатын ұзақ мерзімді, нобайлы шарттар жасауға тырысамыз.

— Сіздер ракета жүйесі бойынша жинақтаушыларды Ресейден немесе Беларуссиядан аласыздар ма?

— Әрине, мұның барлығы кооперацияда іске асады. Барлығын өзіміз жасау мүмкін емес. Және кооперацияға аталған өнім бойынша өздерін нарықта көрсеткен және сол бойынша жетекші кәсіпорын болып табылатын серіктестерді аламыз.

— Кадрлар мәселесіне келетін болсақ, КСРО ыдырағаннан кейін қажетті мамандарды сақтап қалу мүмкін болды ма?

— Басты мамандар сақталып қалды. Қазір жастар келіп жатыр. Жастар өте сауатты, тез тәжірбие жинайды. Біздің дайындық жүргізетін өз орталығымыз бар. Жұмысшы кадрларды техникалық орталықта өзіміз оқытамыз, ал инженерлік кадрлар бойынша Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен шарт жасасқанбыз, кәсіби мамандық бойынша студенттер біздің зауытта тәжірибеден өтеді. Содан кейін олар бізге жұмыс істеуге келеді. Өзіміз емтихан комиссиясының құрамында боламыз, сол себепті бұл жас мамандарды жақсы танимыз.

— «Қазақстан Инжиниринг» АҚ –тың өз ішінде қандай да бір кооперация бар ма?

— Қолдан келгенше жасауға тырысудамыз. Қазір «Семей Инжиниринг» кәсіпорынымен бірлесіп жөндеу-эвакуациялық машиналарды шығарудамыз. «Алсеньсанмен» жауынгерлік үлгілерді дайындау бойынша өндіріске қатысудамыз. Петропавлдағы С.Киров атындағы зауытымен өзара кооперация құрдық, олар біздің қажеттілігімізді, біз оларға қажетті өнімді жасаймыз. «Гранит» АКТБ ЖШС-пен бірлесіп жұмыс істеудеміз. «Зенит» кәсіпорынымен жұмыс жасап, қажетті өнімді жеткіздік.

Источник

Дәния Еспаева Петропавлдағы ауыр машина жасау зауытында болды

Зауыт мұнай-газ, химия, энергетика сияқты өнеркәсіп салаларына арналған қондырғылар мен жабдықтар шығарады

Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Смотреть фото Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Смотреть картинку Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Картинка про Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Фото Петропавл ауыр машина жасау зауыты

«Ақ жол» партиясынан президенттік сайлауға түскен Дәния Еспаева үгіт-насихат жұмыстарын Солтүстік Қазақстан облысында жүргізуде. Ол Петропавлдағы ауыр машина жасау зауытында болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, бұл зауыт бүгінде қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. 2020 жылға дейін кәсіпорынның материалдық техникалық базасы толықтай жаңартылмақ. Оған республикалық бюджеттен 4 жарым млрд теңге қарастырылған. Осындай ірі өнеркәсіп орнының жұмысын толық қуатында пайдалану, дамыту – президенттікке үміткер Дәния Еспаеваның бағдарламасындағы басты міндеттің бірі. Кандидат зауыттың жұмысымен танысып қана қоймай, түйткіл мәселелерді де сұрап білді.

«Бұл үлкен мекеменің шешілмеген мәселелері де бар. Ол – біріншіден, мемлекеттік сатып алу мәселесі. Бұл зауыт шетелден келген компаниялардың тендеріне қатысады. Бірақ тендерге шетелдік компаниялардың жоспарымен қатысады. Меніңше, шетелдік компаниялар мен мемлекеттік компаниялардың талаптары бір-бірімен сәйкес келуі керек», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Дәния ЕСПАЕВА.

Петропавл ауыр машина жасау зауыты мұнай-газ, химия, энергетика сияқты өнеркәсіп салаларына арналған қондырғылар мен жабдықтар шығарады. Қазіргі уақытта мұнда 100-ден астам өнім түрін дайындауға мүмкіндігі бар.

«Былтыр 3 жарым млрд теңгенің өнімін өндірдік. Биыл бұл көрсеткіш екі есеге дейін артуы мүмкін. Жоспарымыз сондай. Біз мұнай-газ өндіруге қажетті жабдықтар мен қатар, темір жол мен қорғаныс саласының да тапсырыстарын орындаймыз. Қайта жаңғырту технологияны да жаңартуға септігін тигізіп жатқандығын баса айтқым келеді», – деді кәсіпорын бас директорының орынбасары Ақан КӘРІМОВ.

Источник

Петропавлдағы машина жасау зауыты

Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Смотреть фото Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Смотреть картинку Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Картинка про Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Фото Петропавл ауыр машина жасау зауыты

Петропавлдағы машина жасау зауыты — кәсіпорын. Мәскеу қаласының Симонов слободасында 1895 жылдан жұмыс істеп келе жатқан “Парострой” зауытының 2-дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Петропавл қаласына көшірілген бөлімшесі ретінде құрылып, 1941 жылы қарашада өз өнімінің алғашқы топтамасын майданға жөнелтті. Желтоқсанда бөлімше ғ239 зауытқа айналдырылды. Осы жылдары трактордың жаңа тіркемесі игерілді, жеңіл автомоб-дердің тіркемелерін, тұтас металды термостар, мотоқопсытқыштар, балалардың мотороллерлерін, шкафтар мен басқа да өнім түрлерін жаппай өндіру жолға қойылды. 1994 жылы кәсіпорын “ЗИКСТО” ААІ деп аталды. Қазіргі кезде зауыт Қазақстанның жетекші кәсіпорындарының біріне айналды. Ол республиканың қорғаныс-өнеркәсіптік кешеніне жатады және “Қазақстан инжиниринг” ұлттық компаниясының құрамына кіреді. Кәсіпорын арнаулы өнімнен басқа өндірістік-азаматтық мақсаттағы бұйымдар шығаруға да бағдарланған, олардың негізгі түрлері: мұнай кешені үшін арнаулы техника (мұнай-бензин цистерналары), агр. салаға арналған өнім, отын-энергет. кешен жабдығы, жылжымалы құрамды жөндеу, темір жол үшін қосалқы бөлшектер мен жабдықтар дайындау.

Дереккөздер [ өңдеу | қайнарын өңдеу ]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том

Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Смотреть фото Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Смотреть картинку Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Картинка про Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Фото Петропавл ауыр машина жасау зауыты

Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Смотреть фото Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Смотреть картинку Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Картинка про Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Фото Петропавл ауыр машина жасау зауыты

Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
Суретті мыннан табуға болады:

Источник

Петропавл ауыр машина жасау зауыты

Бүгінгі зауыт – Қазақстан Республикасындағы ірі әрі тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорындардың бірі.

Кәсіпорынның көп салалы өндірістік және сынақ базасы, дамыған құрал-сайман өндірісі, жоғары білікті кадрлары бар, осының өзі тұтынушылардың талаптарына жедел үн қоса алатындай бұйымдар атауларын әзірлеуді тұрақты түрде кеңейтіп отыруға мүмкіндік береді. Зауыт құрамында 9 негізгі және қосалқы цех бар, оларда 1379 дана жабдық жұмыс істейді, олар – темір кесетін, ұстахана-баспақ, құю, дәнекерлеу, термикалық, ағаш өңдейтін, пластмасса мен резеңкені өңдеуге арналған жабдық, гальваникалық жабдық цехтары. 2007 жылдан бастап кәсіпорында техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Әзірлеу, механикалық өңдеу, дәнекерлеу, құрал-сайман өндірістерінде 58 дана жабдық игерілді. Кәсіпорындағы лицензиялар шығарылатын өнімдердің барлық түрлерін өндіруге құқық береді. Барлық шығарылатын өнім кәсіпорынның техникалық орталығы әзірлеген конструкторлық құжаттар және техникалық регламент бойынша жасалады.
Бұйымдар шығаруға әзірлік, жаңғырту және техникалық дайындық жүргізуге қатысатын барлық техникалық қызметтердің базасында 1995 жылы техникалық орталық құрылды. “ПАМЖЗ” АҚ қызметінің негізгі бағыттары – бұрғылауға арналған жабдықтар шығару, мұнай-газ ұңғымаларына күрделі жөндеу жүргізу және қызмет көрсету, атап айтар болсақ:

– жүккөтергіштігі 80-160 тонна ұңғымаларды бұрғылау және игеру үшін ұтқыр бұрғылау кешендері;

– автомобиль және тракторлар шассиіндегі жүккөтергіштігі 40-100 тонна мұнай-газ ұңғымаларын жөндеу үшін көтергіш қондырғылар;

– ұңғымаларды жөндеу үшін әртүрлі арнайы техника, механикаландырылған гидрофицирлендірілген жабдықтар, сорғы техникасы.

Кәсіпорынның тапсырыс берушілері “ҚазМұнайГаз”, “Өзенмұнайгаз”, “Ембімұнайгаз”, “ҚазТрансОйл”, “Маңғыстаумұнайгаз және “Ақтөбемұнайгаз” АҚ-лардың өндірістік филиалдары, “ҚазГерМұнай БК” ЖШС сияқты қазақстандық және бірлескен мұнай-газ өндіретін жетекші компаниялар, сол сияқты өнімдерін Мәскеу мен Нефтеюганск қалаларының “ССК” ЖАҚ, Самара қаласының “НСК “Неско” АЖҚ, Омбы қаласының “Старатель” ЖАҚ және т.б. шетелдік компанияларға экспорттайды.

Акционерлік қоғам мұнай-химия және энергетика салалары үшін қысыммен жұмыс істейтін сауыттар, қаптаматүтікшелі жылу алмастырғыштар, түтікті шоқтар, ауамен салқындататын аспаптар және оның секциялары, мұнай-газ, қамырлық және мультифазалық айырғыштар, ауа мен газды салқындататын энергетикалық қондырғылар, қуатты жабдықтарды жөндеуге және қалпына келтіруге арналған стандартқа жатпайтын жабдықтар және қосалқы бөлшектер шығарады.

“ПАМЖЗ” АҚ-ны 2015 жылға дейін дамыту бағдарламасы әзірленді, онда өндіріс көлемін 13 млрд. теңгеге дейін өсіру қарастырылған.

Сөздік:

дамыту – развивать; повышать;

88-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыздар.

1. Петропавл ауыр машина жасау зауыты немен айналысады? 2. Қазіргі уақытта қандай жобалар жасауда? 3.Техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасы қай жылдан бастап іске асырылып жатыр? 4. «ПАМЖЗ” АҚ қызметінің негізгі бағыттары қандай? 5. Кәсіпорынға негізгі тапсырыс беруші қандай компаниялар? 6. Дамыту бағдарламасы қай жылға дейін әзірленді?

89-тапсырма.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Мұнай өңдейтін салалар, темір жол саласы, жетекші компаниялар, сынақ базасы, білікті кадрлар, механикалық өңдеу, шетелдік компаниялар, ұңғымаларды бұрғылау, энергетикалық қондырғылар, қосалқы бөлшектер.

90-тапсырма. Берілген нақыл сөздерді оқып, мағынасын түсініп, тәрбиелік мәнән өздеріңізге үлгі-өнеге тұтыңыздар.

Әр халықтың ана тілі — білімнің кілті… Біздің жастарымыз ана тіліне жетіп, білімді, мәдениетті болсын.

Ана тілім менің. Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тілегім де сенсің, сені мақтан етем.

Әркімнің туған тілі — туған шеше,

Оған бала міндетті сан мың есе.

… ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

91-тапсырма. Сөйлемдердегі есімдіктердің түрін анықтап, ондағы айтылғандардың мағынасын түсіндіріңіздер.

Өмірде қателеспейтін адам болмайды. Ол үшін адамға шамаң келгенше өз жақсылығыңды істе. Өз қолыңнан келсе, адамдарға жақсылық етіп, іштей қуаныш ет.

92-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

2. 2007 жылдан бастап кәсіпорында техникалық———————————-

93-тапсырма. Мәтіннен көптік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс:ҚР кәсіпорындары жайлы мәлімет жинау және ой бөлісу.

Әдебиет: Нег.: 56; Қос.: 715

Бақылау сұрақтары:

1. Мәтінде қандай зауыт туралы айтылады?

2. Қазіргі уақытта зауыт қандай жұмыстар жасауда?

3. Зауыттың негізгі мақсаты қандай?

5-апта. 13-тәжірибелік сабақ

94-тапсырма.Металдарды кесу үрдісі арқылы өңдеу туралы берілген мәліметпен танысып, ондағы кездесетін терминдермен жұмыс жасап, мәтінді мазмұндаңыздар.

Металдарды әдіп сылу әдісімен өңдеу

Металдарды кесу

Металдарды кесу деп – дайындамалардың өңделетін беттеріне үшкір, қатты кескіш аспаптарды ендіріп, жұқа металл қатпарларын әдіпке түсіріп, кесіп тастау операцияларын айтады. Металл өңдеу практикасында кездесетін жұқа қаңылтырларды қию, қалың жұмыр дайындамаларды шауып тастау, шапқылармен қашау, ою, тесу операциялары да кесу үрдісіне жатады. Бұл операциялар арасында нақты шек жүргізу өте қиын, бірақ кесуші аспаптармен жасалатын операциялар және металды екі бөлікке бөлу, өңделетін жерлерде болатын физикалық процестер белгілі бір ерекше өзгерістерге ие болады.

Машина жасау өндірісіндегі «механикалық өңдеу» деген терминге жоңқа сылу арқылы жүретін кесу операциясы жатады. Механикалық өңдеуді дайындамаларға қажетті пішін және нақтылы өлшем алу үшін жүргізеді. Осыған орай, ойлап табылған алғашқы токарьлық станок ағаштан немесе сүйектен жасалған бөлшектерді жону үшін қолданылған. Машина жасау тәжірибесінде бөлшектерді бір-біріне қиылыстырып қондыру оларды тек кесіп өңдеу арқылы іске асырылады.

Егер де, кесу процесі негізгі өндірісте тікелей қолданылмаса да, олар жабдықтар жасауда және технологиялық құралдар жасауда жанама қолданылады.

Өндірісте шығын жағынан қарағанда кесу процесі салмақты орын алады: 1956 жылы америкалық ғалым Эрнст тетікті кесу мен өңдеуге кеткен шығын тек АҚШ-тың өзінде ғана 10 млрд. долларға, ал 1971 жылы 40 млрд. долларға жеткенін анықтаған.

1940 жылдан бастап дайындама алу процесіне жалпы көзқарас біраз өзгеріске түскен. Кең таралған әдістері: дәл құю мен штамптау, илеу, экструзия әдісімен тетікті алу, терең созу, т.б. Айтылған әдістердің даму жетістігі бір кездердегі кесу мен өңдеу дәрежесінің төмендеуіне әкелді. Бірақ, шындық мұндай болжамдарды жоққа шығарды.

Мұндай жағдайлардың болғанына қарамастан, жоңқа алмау арқылы бөлшектерді қиюластыру операцияларын қолдану тиімді және арзанырақ болғанымен, өндірістерде кең қолданылатын кесу үрдістері экономикалық тұрғыда өз рөлін жоғалтпады.

Машина жасау өндірісінің кейінгі кезеңдерінде, бөлшектерді кесіп өңдеу процестері жетілдіріле түсті. Аспаптық материалдардың сапасы жақсарды, станоктардың қуаттары мен кесу жылдамдықтары жоғарылады, станоктарды басқару және пайдалану тәсілдері өзгерді.

Оқымысты ғалым Кеннет П.Оуклей өзінің «Кескіш аспаптарды жасаушы Адам» деген кітабында төмендегідей тұжырым жасайды: «Адамзат қоғамының дамуы кескіш аспаптық материалдардың және оларды жасаудың процестеріне тікелей байланысты болғанын көрсетеді. Сондықтан адамзат тарихында негізгі даму кезеңдері тас, қола, темір және болат ғасырлары деп бөлінген».

95-тапсырма. Берілген сөздердің аудармасын және мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар. Олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Сөздік:

шауып тастау – разрубка; отрубка; рубка дайындама – заготовка

жұқа қаңылтыр – тонкий жесть кесу– резание

жұмыр дайындамалар – круговая заготовка бет – поверхность

нақтылы өлшем – точный размер кескіш – резец

жанама қолдану – касательное употребление қию – срез

жону – проточка; точение қашау – долбление

дәл құю – точное отливание; заливка ою – вырубать

қиылыстыру – пригонка тесу – сверлить

қиюластыру – подгонка жоңқа – стружка

қондыру – посадка пішін – форма

96-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Металдарды кесу деп нені айтамыз? 2. Кесу үрдісіне қандай операцияларды жатқызуға болады? 3. Механикалық өңдеу деген терминін қалай түсіндіре аласыздар? 4. Машина жасау тәжірибесінде бөлшектерді бір-біріне қиылыстырып қондыру не арқылы жүзеге асады? 5. Өндірістегі кесу процесінің алатын орны қандай? 6. АҚШ-тағы кесу мен өңдеуге кететін шығын қандай деңгейде екен? 7. 1940 жылдан бастап дайындама алу процесіндегі кең таралған әдістерді атаңыздар. 8. Кейінгі кездегі кесіп өңдеудің дәрежесі қандай?

97-тапсырма. Термин сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.

Кесу– дайындаманың бір қабат бетін кесу бұйымдарының көмегімен металдық жоңқалап кесу түріндегі үрдіс.

Резание– процесс срезания режущим инструментом с поверхности заготовки слоя металла в виде стружки.

Жону– айналма денелерінің сыртқы, ішкі және бүйір беттерін, сонымен қатар шиыршықты және орамды беттерді кескіш құралдардың көмегімен кесумен өңдеу үрдісі.

Точение– процесс обработки резанием наружных, внутренних и торцовых поверхностей тел вращения, а также спиральных и винтовых поверхностей при помощи резцов.

Қондыру, отырғызу – саңылаулардың және қынақтардың шамаларымен анықталатын, тетіктердің қосылыс сипаттамасы.

Посадка – характер соединения деталей, определяемый величиной получающихся в нем зазоров и натягов.

98-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Металдарды кесу, жұқа қаңылтыр, қондыру, шауып тастау, дайындаманың беті, механикалық өңдеу, алынады, жүзеге асады.

99-тапсырма. Қарамен терілген сөз тіркестерінің дәл мағынасын ашатын сөздерді тауып, түсіндіріңіздер.

1. Кіндік қаным тамған жер 2. Ержетті

А) әдемі жер; А) күлді;

Ә) оқитын жер; Ә) ойнады;

Б) туған жер; Б) жүгірді;

В) ойын ойнайтын жер. В) өсті.

3. Қарым-қатынас жасайды4. Тәуелсіздік алу

А) тамақ жасайды; А) білім алу;

Ә) байланыс жасайды; Ә) еркіндік алу;

Б) мүсін жасайды; Б) кек алу;

В) жиһаз жасайды. В) жаулап алу.

100-тапсырма. Төмендегі етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтап, сөздерді тұлғасына қарай талдаңыздар.

Ү л г і : Қолданылғанқол – сөздің түбірі, -дан – зат есімнен етістік тудырып тұрған жұрнақ, -ыл – ырықсыз етіс жұрнағы, -ған – өткен шақ есімшенің жұрнағы.

Жатады, табылған, іске асырылады, анықталады, жоғалтпады, әкелді, бөлінген, өзгереді, көрсетпек.

101-тапсырма. Жаңылтпашты тез әрі анық оқып, жаттап алыңыздар.

Сүт бетінде май балқаймақ,

Балдан тәтті бал майқаймақ.

Ұстап қара қарындашын,

Ұштап қарындашын қарындасым,

Ұсынды қарындасым қарындашын.

102-тапсырма. Мәтіннен он шақты сөзді теріп жазып, оларды буынның түрлеріне ажыратыңыздар.

Қызылордадағы ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыт – күріш жинайтын машина, Астанадағы зауыт – тұқым сепкіш трактор, Павлодардағы зауыт – тракторлар шығарады. Өнімдер бойынша ондай мамандануды – бұйымдық маманданудеп атайды. Машина жасау зауыттары, көп жағдайда, дайын өнім емес (станок, автомобиль), оның бөлшектерін шығарумен айналысады. Ондай мамандануды – бөлшектер бойынша маманданудеп атайды. Мысалы, Степногордағы зауыт – темір жол подшипниктерін, Қостанайдағы зауыт – ауыл шаруашылық машиналары үшін дизель қозғағыштарын, ал Талдықорғандағы зауыт – аккумуляторлар шығарады.

Әдістемелік ұсыныс: Металдарды кесу, өңдеу үрдісіне және оның өндірістегі шығын жағынан алатын орнына назар аудару, пікір қосу.

Әдебиет: Нег.: 613; 17; Қос.: 9.

Бақылау сұрақтары:

1. Металдарды кесу дегеніміз не?

2. Механикалық өңдеу дегенді қалай түсінесіздер?

3. Белгілі оқымысты ғалым Кеннет П. Оуклейдің еңбегі қалай аталады және онда кескіш аспаптың адамзат қоғамының дамуындағы маңызына қандай баға берілген?

5-апта. 14-тәжірибелік сабақ

103-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, металдарды өңдеу әдісінің маңызынан мәлімет алып, түсінгендеріңізді мазмұндаңыздар.

Металдарды өңдеу

XVIII ғасырдың ортасына дейін негізгі инженерлік құрылыстарда материал ретінде ағаш қолданылған.

Токарьлық станок және бірталай басқа да сол кезде шығарылған станоктар түрлерінің көбі, негізінен, ағаштан жасалған бөлшектерді өңдеуге арналған.

Зеңбірек оқпанын кеулей жону, металл бұрандаларын даярлау және кішкентай аспаптардың бөлшегін жасау сирек кездескен.

Бу машиналарының өмірге келуі үлкен металл цилиндрлердің және басқадай тұтқыр материалдардан жасалған бөлшектердің пайда болуына әкеледі. Мұндай бөлшектерді өңдей алатын станоктарға айрықша талап қойылып, кесіп өңдеу процестері одан әрі дами бастады.

Бірінші бу машиналарын жасаған материалдың өңделуі өте қиын болған. Сұр шойын, темір, жез, қола сияқты материалдардан жасалған бөлшектер шыңдалған көміртекті болаттан жасалған аспаптармен өңделген.

Машина жасау зауыттарының білікті шеберлері аспаптық болатты термиялық өңдеу әдістері арқылы олардың кескіш қасиеттерін жетілдіре түсті. Дегенмен, кескіш аспаптың бұзылмай жұмыс істеуі тек төмен кесу жылдамдығы арқылы ғана мүмкін болды.

Металдарды өңдеудегі 1860 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейінгі негізгі мақсат – металл кескіш станоктардың құрылымдарын жетілдіріп, ондағы өңделетін бөлшектердің қажетті пішіндік-өлшемдік дәлдіктеріне жету болды. Ал қазіргі көкейкесті мәселе жаңа құрылымдық металдар мен қоспаларды арзан технологиялық әдістермен өңдеу болып тұр.

Мұндай металдардың өмірге келуі металлургия өндірісіндегі бессемерлік және болат алу тәсілдерінің күрт дамуы еді.

Өңдеудің өзіндік құнын кесу жылдамдығын көтеру және кесу процесін автоматтандыру арқылы азайту соңғы кезеңнің өзекті мәселесіне айналып, қазіргі уақыттағы металл өңдеуді әрі қарай жетілдірудің негізгі қайнар көзі болып отыр.

104-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікті жаттап алыңыздар.

Сөздік:

металдарды өңдеу – обработка металлов оқпан – ствол

токарьлық білдек (станок) – токарный станок бұранда – резьба

кеулей жону – расточка; растачивание темір – железо

тұтқыр материал – вязкий материал қола – бронза

сұр шойын – серый чугун болат – сталь

жасық темір – отожженное железо жез – латунь

қоспаланған болат – легированная сталь

105-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Білікті шебер, қоспалар, технологиялық әдіс, сұр шойын, темір, жез, қола, кесу процесі, кескіш аспаптар.

106-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.XVIII ғасырдың орта шенінде қолданылған токарьлық және басқа да станоктардың көбі негізінен нені өңдеуге арналған? 2. Кесіп өңдеу үрдісінің дамуына не әсер етті? 3. Сұр шойын, темір, жез, қола сияқты материалдардан жасалған бөлшектер қандай аспаптармен өңделді? 4. Машина жасау зауыттарының білікті шеберлері нені жетілдіре түсті? 5. Кескіш аспаптың бұзылмай жұмыс істеуі неге байланысты болды?

107-тапсырма. Төмендегі машина жасау мамандығына қатысты берілген терминдерге түсіндірме сөздіктің негізінде түсініктеме жазып, олардың мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

108-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, оларды өз мамандықтарыңызбен байланыстыра отырып талдаңыздар.

Бір табан алтының болғанша, Шын болат шорт сынар.

Бір табан жерің болсын. * * * * *

* * * * * Тепсе темір үзетін

Болат қайнауда шынығады, Жас қолында күзетім.

Батыр майданда шынығады. * * * * *

* * * * * Алтынды тот баспайды.

Қалың кілем төрге керек,

Қызғалдақ гүл жерге керек,

Алмас қылыш ерге керек.

109-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимін және антонимін тауып, жазыңыздар.

Берілген сөзСинонимдес сөзАнтонимдік сөз
шебер
ну
икемсіз
жасырын
сабырлы
мол
таза
өжет
жомарт
қиын

110-тапсырма. Түбір мен қосымшаны ажыратып, туынды сын есімдердің түбірлері қай сөз табынан екендігін ажыратыңыздар.

Түнгі, қызба, күлкішіл, менменшіл, жауырынды, төзімді, тершең, майысқақ, жыртық, қазақы, жүдеу, бүгінгі, жеңілтек, жылтыр, күлдіргі, өткір. 111-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден есімдіктерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріп, түрлерін ажыратыңыздар.

1. Өзіңе ұнамайтынды өзгеге үйретпе. 2. Барлық нәрсенің өлшемі – адам. (Протогор) 3. Әрбір ержүрек, әрбір шыншыл адам өз Отанына абырой әкеледі. (Р. Роллан) 4. Өмірде ерлікке әрқашан орын бар. (М. Горький) 5. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, жоқ-барды ертегіні термек үшін. (Абай) 6. Бір өзінен басқа ешкімге мәлім емес. (М. Әуезов)

Әдістемелік ұсыныс: Металдарды өңдеу үрдісінің маңызы туралы мәтін мен жаттығу жұмыстарын орындау барысында сөйлеу тілі дағдысын дамыту.

Әдебиет: Нег.: 615; 17; Қос.: 9.

Бақылау сұрақтары:

1. XVIII ғасырдың ортасына дейін инженерлік құрылыста қандай материал қолданылған?

2. Бу машиналарының пайда болуы қандай материалдардың өмірге келуіне әсерін тигізді?

3. Қазіргі таңдағы металл өңдеу мәселесінің мақсаты не?

5-апта. 15-тәжірибелік сабақ

112-тапсырма. Металл кескіш аспаптардың өзіндік ерекшеліктерімен танысып, мәтіндегі деректерді толықтырып, мазмұндаңыздар.

Металл кескіш аспаптар және металдарды

пісіру

Металл өңдеу өндірісіне тез кескіш болаттар ендірілгенге дейін Англияда 1860 жылдары Роберт Мушет ойлап тапқан «өзін-өзі шыңдайтын» болат аспап материалы ретінде қолданылып келген.

1900 жылы Парижде өткен көрмеде инженер Фредерик Тейлор мен металлург Маунсел Уайттар «тезкескіш болаттан жасалған кескіш аспаптарды» ұсынады. Аспаптың кесу мүмкіндігі өте таңғаларлық болды. Құрылымдық болаттарды жону кезінде аспаптың ұшы қып-қызыл болып қызғанымен, оның кескіш қасиеті баяғы қалпынша сақталып қалған.

1906 жылдары «тезкескіш» болаттың құрылымы өндірістік қолдану жағдайына жетілдірілді. Оның металл өңдеу өндірісіндегі өміршеңдігі осы күнге дейін сақталуда, сондағы оның химиялық құрамы: көміртегі – 0,6%; вольфрам – 18,91%; хром – 5,47%; марганец – 0,11; ванадий – 0,29%; қалғаны – темір.

АҚШ-та 20 млн. долларға шығарылған «тезкескіш» болаттарды пайдалану барысында түскен табыс жылына 8 млрд. доллар болған.

Осы табысқа орай, Манчестердегі муниципальды технологиялық мектептің профессоры Никольсон тезкескіш болаттың пайда болуын қол күшінің бу машиналары мен іштей жану қозғалтқыштарының қызметтеріне ауысуымен теңестірген.

Қазіргі кезде мынадай тезкескіш болаттар көп қолданылады:

1. Қызуға тұрақтылығы шекті болат;

2. Қызуға тұрақтылығы жоғары болат;

3. Қызуға тұрақтылығы өте жоғары болат.

Бұған қарамастан, кесу процесінің өнімділігін арттыратын ұтымды материалдар табу үміті одан әрі жалғаса береді. 1920 жылдың басында Германияда Шретер ұнтақ түрінде карбид алу үшін вольфрам ұнтағын көміртегімен араластырып қыздырады. Карбид пен вольфрам аз көлемдегі темір тобына жататын металл және темірмен, никель немесе кобальтпен әбден араластырылады. Ұнтақтардың қосындысы ыңғайлы ыдыста престелген сутекті ортада 1300 0 С-тан жоғары температурада пісірілген. Соның салдарынан толық қату пайда болады, яғни пайда болған материал карбид пен вольфрамның ұнтақтарынан тұратын тығыздығы жоғары материалдармен байланысқан немесе «цементтелген» күйге түседі. Көп ұзамай кобальттың металдарды байланыстыруы арқылы ең эффектілі металл екендігі табылды және пайда болған қатты қорытпа материал ерекше қасиетке ие болады. Осының есебінен оларды екінші негізгі аспап материалына кіргізіп, қазіргі кезге дейін кең қолданылып келеді.

1920 жылдың аяғында жасалып шығарылған вольфрамдық қорытпадан жасалған аспап түсті қорытындыларды және шойынды өңдеуде әсерлі болды. Тезкескіш болаттарға қарағанда кесу жылдамдығы 2-3 есе жоғарылады.

1930 жылдың басында АҚШ-та титан карбидінің никельмен байланысынан жасалған кесуші аспап пайда болып, ол болатты өңдеуде әсері жоғары болғандықтан өте кең қолданысқа ие болды.

Сөздік:

іштей жону – внутренее точение

толық қату – полное застывание

тез кескіш болат – быстрорежущая сталь

тұрақтылық – стабильность; стоикость

шекті болат – предельный (непроходной) сталь

113-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Фредерик Тейлор мен металлург Маунсел Уайттар ұсынған аспап несімен таңғалдырды? 2. Тезкескіш болаттың химиялық құрамы қандай? 3. Профессор Никольсон тезкескіш болаттың пайда болуын немен теңестірді? 4. 1920 жылдың аяғында қандай аспап түрі пайда болды және олардың тезкескіш болаттардан қандай айырмашылығы болды? 5. 1930 жылдың басында АҚШ-та қандай аспап пайда болды?

114-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігін сөздіктің көмегімен орыс тіліне аударыңыздар.

115-тапсырма. Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Ү л г і : 1860 жылдары; бір мың сегіз жүз алпысыншы – реттік сан есім.

116-тапсырма. Төмендегі берілген сөйлемдерге жазбаша сұрақтар қойып, сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар.

1. Англияда 1860 жылдары Роберт Мушет ойлап тапқан «өзін-өзі шыңдайтын» болат аспап материалы ретінде қолданылып келген. 2. Фредерик Тейлор мен Маунсел Уайт ұсынған «тезкескіш болаттан жасалған кескіш аспаптардың» ғажаптығы сол, құрылымдық болаттарды жону кезінде аспаптың ұшы қып-қызыл болып қызғанымен, оның кескіш қасиеті баяғы қалпынша сақталып қалған. 3. 1920 жылдың басында Германиядағы Шретер деген ғалымның тынбай ізденуінің арқасында кобальттың металдарды байланыстыруда таптырмас материал екендігі анықталды.

117-тапсырма. Мәтіннің соңғы екі абзацындағы көптік жалғауында тұрған сөздердің астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і : Материалдар– материал+дар; егер сөздің соңғы дыбысы үнді л, м, н дыбыстарына аяқталса, онда жалғанатын қосымша да ұяң дыбыстан басталады. Бұл – сингорманизм заңдылығы, яғни дыбыс үндестігі.

118-тапсырма. Төмендегі берілген сөздер мен сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Результат, исследование, возможность, обработка, деталь, точность форма, размер, оснащение, резец, струя, крестик, твердение. Стабильность формы и размеров партии деталей может обеспечиваться многопроходной обработкой.

119-тапсырма. Сөздерді санмен жазыңыздар (Қызықты ойын!)

Ү л г і : түбір – тү+1

Жетістік, қорытындылаушы тоқсан, жұмыс күші, қондырғылар, секілді, келісімге келу, иемденбес бұрын, бір-біріне.

120-тапсырма. Етістіктерді тұлғасына қарай негізгі түбір және туынды түбір түрлеріне ажыратып, топтап жазыңыздар.

Бора, үрлеген, кел, аттан, жатады, ұзар, сөйлесіпті, жүр, айт, ағар, оқы, кер, жатырқа, ұйы, алар, сеп, саңқылда, секір, жу, әндет, айқайла.

121-тапсырма. Берілген мәтінді мұқият оқып, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Адамгершілік дегеніміз – дүниедегі ең асыл қасиет. Адам жанының рухани тазалығы, оның қоғамдағы, жеке адамдар арасындағы игі істер, бауырмалдық, туысқандық, жанашырлық, сыпайылық, әдептілік, кішіпейілділік, сый-құрметтіліктің бәрі де, адамгершіліктің ұшқыны. Адамдарды қызметіне, жағдайына, киіміне, сырт көрінісіне қарап бағалау дұрыс емес. Қызмет те, орта да, киім де уақытқа байланысты өзгеретін нәрсе, өзгермейтін тек жан сұлулығы да, сонымен бірге жүрек жылуы болуға тиіс. Адамның адамгершілік қасиеті әрқашан биіктен ізеттілікпен көрінуі – парыз.

122-тапсырма. Мына сөздерге буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жалғаңыздар.

Әке, дана, жем, зиян, саясат, банк, әсем, ем, сән, өнер.

Әдістемелік ұсыныстар:Металл кескіш аспаптардың маңызы туралы жаңа тақырыпты меңгеру, қосымша мәлімет дайындау, оның тиімді жақтарын анықтау.

Әдебиет:Нег.: 618; 15[25]; 17.

Бақылау сұрақтары:

1. Атақты инженер Фредерик Тейлор мен Маунсел Уайт қай жылы және қай қалада «тезкескіш болаттан жасалған аспапты» ұсынды?

2. «Тезкескіш» болатты пайдалану АҚШ-қа қандай табыс әкелді?

3. Қазіргі қолданыстағы тезкескіш болаттың түрлерін атаңыздар?

6-апта. 16-тәжірибелік сабақ

123-тапсырма.Машина жасау материалдарының өңделу ерекшеліктеріне баса назар аударып, мәтіннен түсінгендеріңізді есте сақтаңыздар.

Машина жасау материалдарын кесіп өңдеу үрдісінің балама әдістері

Электрлі ұшқынды өңдеу әдісі

Ғылыми техникалық прогрестің күрт дамуы, әсіресе, машина жасау саласындағы ұшақтық, ғарыштық және электрондық техникалардың өмірге келуі олардың құрамында физикалық, механикалық қасиеттері өте жоғары жаңа материалдардың пайда болуына әкелді. Бұлардың механикалық өңдеуге қабілеттілігі басқа құрылымдық материалдарға қарағанда ерекше технологиялық қиындықтарға әкеп соқты. Мұндағы қолданылатын бөлшектердің пайдаланушылық қасиеттері (беріктігі, тұтқырлығы, тотқа төзімділігі, қызуға тұрақтылығы, т.с.с.), оларды кесіп өңдейтін аспаптардың технологиялық параметрлерімен пара-пар. Оның үстіне, бұл жаңа техникалардың бөлшектерінің құрылымдық пішіндері (мысалы, қисық сызықты осьтері бар тесіктер, ендері өте дәл және жіңішке ойықтар) күрделі, машина жасау практикасында қалыптасқан әдістермен өңдеу қиынға соғып, кейбір жағдайларда өңдеу операцияларын жүргізу мүлдем болмады.

Сондықтан машина жасау өндірісіне материалдарды өңдеудің жаңа электрлі-физикалық және электрлі-химиялық әдістері келді.

Бұл әдістердің негізінде, кескіш аспаптың рөлін энергия тудыратын арнайы көздер пайдаланылады.

Кескіш аспаптарға қойылатын негізгі талаптардың бірі – аспаптық материалдың қаттылығы өңделетін материалдың қаттылығынан жоғары болуға тиіс. Сондықтан өмірге жаңадан келген өте қатты қорытпалардың пайда болуы машина жасау өндірісінің сұраныстарынан туындаған. Бұл материалды өңдеудің ұтымды түрінің бірі – электрлі ұшқындарды тиімді пайдалану.

Машина жасау технологиясында электрлі ұшқындарды пайдаланып, кез келген электр өткізгіш материалдарды, олардың қаттылығына, тұтқырлығына, балқу температурасына, химиялық құрамына қарамай өңдей беруге болады.

Электрлік ұшқындарды пайдаланып алуан түрлі операцияларды жүргізуге болады, оның ішінде: металдарды қию, өлшемдері әр түрлі, пішіндері кез келген тесіктерді тесу, ажарлау, беттерді қаптау, бет қатпарларының құрылымдарын өзгерту, т.с.с. операциялар. Бұл әдістің ең тиімді қолдану аймағы: конфигурациялары күрделі, металлкерамикалық қатты қорытпалар, карбидті композиттер, магнитті материалдар, өте берік, қызуға төзімді болаттар мен қорытпалар және де басқадай қиын өңделетін материалдар.

Машина жасау практикасында электрлі ұшқындық өңдеуді неғұрлым күрделі бөлшектерді жасауда өте тиімді деп есептейді

Кәдімгі көміртекті болаттардан пішіндері өте күрделі бөлшектерді жасауда да бұл әдістің алатын орны зор. Әсіресе, майысқақ, осал, күрделі фасонды бөлшектерді, өте майда кескінді тесіктерді тесуде, жұқа қабырғалы диафрагмаларды өңдеуде бұл әдіспен теңдесетін операциялар жоқтың қасы.

Дүние жүзінің елдерінде электрлі ұшқындық өңдеу кең тараған.

1858-1963 жылдары АҚШ, Англия, Франция, Германия, Швейцария және Жапония сияқты дамыған елдерде электрлі ұшқындық өңдеуді өндірістік қолдануға байланысты 400-ге тарта патент тіркелген.

Қазіргі жағдайда осы жаңа әдістерді қолданып, турбинаның қалақтарын, иінді біліктерді, дизельдің форсункаларындағы майда тесіктерді, тұтасметалды роторлардың қалақтарындағы саңылауларды жасайтын қалыптар қолданылып келеді.

Электрлі ұшқындық өңдеудің бір кемшілігі – оның электрод-аспабының тез тозуы. Кейде электродтың аспаптық материалының шығыны бөлшектен сылынған материалдың салмағынан асып кетеді.

Сондықтан өте ірі габаритті бөлшектердің ауқымды беттерін өңдеуде электрлі ұшқындық әдіс тиімсіздеу болады.

Сөздік:

тотқа төзімділік – нержавеющий беріктік – прочность

қисық сызықты – криволинейное ойықтар – паз

кескіш аспап – режущий инструмент балқу – плавление

электрлі ұшқын – электрическая искра ажарлау – шлифование

металдарды қию – нарезание металлов

беттерді қаптау – покрытие поверхности

қатты қорытпалар – твердый сплав

124-тапсырма. Мәтін бойынша берілген термин сөздерді жаттап алыңыздар.

125-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Машина жасау өндірісіне материалдарды өңдеудің жаңа электрлі-физикалық және электрлі-химиялық әдістерінің өмірге келу себебін түсіндіріңіз. 2. Бөлшектердің пайдаланушылық қасиеттерін атаңыздар. 3. Электрлік ұшқындарды тиімді пайдаланудың рөлі қандай? 4. Электрлік ұшқындарды пайдалану барысында қандай операцияларды пайдалануға болады? 5. Электрлік ұшқынды өңдеудің кемшілігі неде?

126-тапсырма. Төменде берілген мамандыққа қатысты термин сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлемдер құрастырыңыздар. Өз мамандықтарыңызға байланысты терминологиялық түсіндірме сөздіктің көмегіне сүйеніңіздер.

Карбидті композиттер, магнитті материалдар, өте берік, қызуға төзімді болаттар мен қорытпалар және де басқадай қиын өңделетін материалдар, майысқақ, осал, күрделі фасонды бөлшектер, өте майда кескінді тесіктерді тесу, жұқа қабырғалы диафрагмалар, патент, қалақтар, иінді біліктер, дизельдің форсункаларындағы майда тесіктер, тұтасметалды роторлардың қалақтарындағы саңылауларды жасайтын қалыптар, габаритті бөлшектер.

127-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын ұғынып, өз мамандықтарыңызбен байланыстыра отырып әңгімелеңіздер.

Тозбайтын темір жоқ.

Алтын балта да ағаш шабар.

Еменнен қатты ағаш жоқ,

Көп жатса жерде дерт ілер.

Болаттан қатты темір жоқ,

Тасқа салса – кертілер.

Темір балғалыны сыйлайды,

Балта сабынан озбайды.

Темірді қызған кезде соқ.

Келісті сөз – күміс,

Жемісті жұмыс – алтын.

128-тапсырма. Жоғарыдағы келтірілген мақал-мәтелдерден сын есімдерді тауып, оларды түріне қарай ажыратыңыздар.

Ү л г і : Алтын – сапалық сын есім; жай шырай.

129-тапсырма. Машина жасау кезеңдері туралы беріліп отырған мәтінді мұқият оқып, ондағы терминдік ұғымдарды есте сақтаңыздар.

Машина жасау кезеңдері

Машина жасау үш негізгі технологиялық кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – құю, соғу немесе сығымдау арқылы бөлшектер даярлау. Екіншісі – бөлшектерді станоктарда механикалық өңдеуден өткізу, ал үшіншісі – бөлшектерден дайын өнімдер құрастыру.

Егер зауыт өндірістің барлық үш кезеңін жүзеге асырмай, тек біреуімен ғана айналысса, ол – технологиялық мамандану, яғни – технологиялық процестер кезеңі бойынша мамандану болып табылады. Мысалы, Өскемендегі автокөлік құрастыру зауыты автокөліктерді тек дайын бұйымдар жиынтығынан құрастырады. Яғни бұл – технологиялық мамандану болып саналады.

Кез келген мамандану (технологиялық, тетіктік, бұйымдық) кәсіпорындар арасындағы кооперативтендірусіз (ынтымақтасусыз) мүмкін емес. Кез келген автокөлік түрлі бөлшектерден (мысалы, электровоздарда олардың саны 200 мыңнан астам) тұрады. Бір зауытта олардың барлық түрлерін шығару мүмкін емес және тиімсіз. Сондықтан бір зауыт екінші біреумен кооперативтендіріледі. Мысалы, «Азия-Авто» зауыты «Нива» көлігіне аккумуляторларды Талдықорғаннан әкеледі. Сонымен, машина жасау кешені салааралық емес ішкі салалық дамуымен ерекшеленеді.

130-тапсырма. Терминологиялық түсіндірме сөздікті көшіріп жазып, анықтамасын есте сақтаңыздар.

Электр ұшқынды өңдеу – ұшқынды разряд қолданысына негізделген.

Обработка электроискровая – обработка, основанная на использовании искрового разряда.

Электрофизикалық өңдеу – электр разрядын қолдануға негізделген өңдеу, магнитті-стрикционды тиімділігі бар.

Обработка электрофизическая – обработка, основанная на использовании электрических разрядов, магнитострикционного эффекта, электронного или оптического излучения плазменной струи.

Электрохимиялық өңдеу – металл ерітіндісін қолдануға негізделген өңдеу, анод ретінде үрдіске еніп, электролитте электр тоғы әсерімен өңдеуге араласады.

Обработка электрохимическая – обработка, основанная на использовании растворения металла, служащего анодом, в электролите под действием электрического тока.

131-тапсырма. Төмендегі сөйлемдердегі тиісті сөздерді бас әріппен жазыңыздар және бас әріптің қолданылу орнын түсіндіріңіздер.

Тараз – бұрынғы жамбыл. Одан бұрын әулиеата қаласы болып аталған. бір мың алты жүз қырық үшінші жылы елу мың әскерді бастаған жоңғар ханы батыс ертістің бүкіл жоғарғы және орта алқабын басып алды. («ғалам ғажаптары» кітабынан). кендебай қолына шоқпарын алып, керқұла аттың барлық шабысымен дәуге қарсы шаба жөнелді. қр президенті Н. Ә. Назарбаев: «тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас», – деген еді.

132-тапсырма. Берілген сөздерді қосымшалардың түрлеріне қарай бағанаға бөліп жазыңыздар.

Ү л г і :

ЖұрнақТәуелдік жалғауЖіктік жалғауКөптік жалғауСептік жалғау
машиналар

Ғылыми-техникалық, прогрестің, техникалардың, қасиеттері, қиындықтарға, бөлшектердің, материалдарды, әдістері, операцияларын, пайдаланған, аспаптық, кескіш, сұраныстар, туындаған, химиялық, металл сылудың, арналар, бөлшектерді, өңдейді, майысқақ, болаттардан, пішіндері, есептейді.

Әдістемелік ұсыныстар:Машина жасау материалдарының өңделу әдістерінің тиімділігін, кескіш аспаптарға қойылатын негізгі талаптарды, электрлі ұшқындық өңдеудің бөлшектерді жасаудағы маңыздылығын меңгеру және ойталқы жүргізу.

Әдебиет:Нег.: 627; 17; Қос.: 9.

Бақылау сұрақтары:

1. Электрлік ұшқынды өңдеу әдісінің ең тиімді қолдану аймағы қандай?

2. Электрлік ұшқынды өңдеу әдісі көбіне қай елдерде қолданыс тапқан?

3. Электрлік ұшқынды өңдеу әдісі арқылы өңделетін қандай бөлшектерді

6-апта. 17-тәжірибелік сабақ

133-тапсырма.Лазерлік өңдеудің өзіндік ерекшелігімен танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Лазерлік өңдеу әдісі

1960 жылдың шілде айында американдық физик Т. Мейман ақпарат құралдарында өзінің тұңғыш рет ойлап тапқан жарықтың квантты генераторлары жайында хабар таратты. Мұны кейіннен лазер деп атады.

Лазер ағылшын сөзінің бірінші әріптерінен алынған, мағынасы «мәжбүрлі жарқылдату құбылысының көмегімен жарықты үдету» деген ұғымды береді.

Оптикалық квантты генераторлар ғылымның физика, химия, биология, медицина салаларындағы көптеген мәселелерді шешуге көмегін тигізеді.

Лазер сәулесі металдар өңдеуде де ауқымды технологиялық мүмкіншіліктер тудырады. Әсіресе, лазерді аспап жасау және радиоэлектроника өндірісінде таптырмайтын тәсіл ретінде қолданады. Өте жіңішке бағытта өтетін (жүретін) лазерлік сәулелер арқылы диаметрлері көзге ілінбейтін тесіктерді өңдеуге болады (мұндағы тесік диаметрлерінің өлшемдері, электрондық сәулемен тесілген тесіктерден 4-5 есе кіші келеді). Лазер әдісі материал таңдамайды, демек кез келген материалдар өңделе береді.

Материалдарды жарықты сәулелермен өңдеудің тиімді жағдайы олардың жарықты сәулелерінің толқынын бумалап (фокустеп), жарық энергиясын жылу (қызулық) энергиясына тез айналдыратын жарықтың шағылыстары нашар беттерге бағыттау арқылы тудырады. Осы құбылысты ретпен басқарып, металл өңдеудегі қию, жону, фрезерлеу сияқты көптеген өнер операцияларын жүргізуге мүмкіндік ашылады.

Жарықты өңдеу алдыңғы әдіспен салыстырғанда өте кішкентай өңдеу зонасында энергияның ауқымды бөлімін шоғырландырып, оның өнімділігін арттыра түседі.

Лазерлік тәсілді пайдаланудың тиімді жақтары:

– басқадай аспаптар сыймайтын беттерге лазерлік аспаптың оңай кіруі;

– лазер сәулелері кез келген мөлдір орталардан жеңіл өтіп, олардың тұтастығын бұзбай, өз екпінділігін азайтпай өңдей беруге мүмкіндік береді. Әсіресе, изоляцияланған ыдыстарды өңдеуде өте қажет тәсілдің бірі;

– жылу энергиясының ауқымды бөлімін кішкентай ғана зонаға шоғырландыру мүмкіндігі арқылы лазерлік тәсіл морт сынатын материалдарды қалтқысыз өңдеуді өндіріске алып келді.

Сөздік:

жарықтың шағылысуы – отражения света

жонғылау (фрезерлеу) – фрезерование

жону – проточка; точение

морт сыну – хрупкая поломка

қалтқысыз өңдеу – обробатывание без поплавок

134-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Лазер сөзінің мағынасы қандай? 2. Лазерді ойлап тапқан кім? 3. Лазер басқа да қандай ғылым саласында қолданыс тапқан? 4. Лазерлік тәсілді пайдаланудың тиімді жақтарын атаңыздар. 5. Лазердің көмегімен қандай операциялар жүргізуге болады?

135-тапсырма. Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, оларға тақырып қойып шығыңыздар.

136-тапсырма. Терминдік сөздерді пайдалана отырып, әрқайсысына бір-бір сөйлем құрастырыңыздар.

Лазер сәулесі, жарықтың шағылыстары, қию, жону, шоғырланған, морт сынатын, қалтқысыз өңдеу.

137-тапсырма. Мына сөздердің синонимдік қатарын табыңыздар және шағын әңгіме құрастырыңыздар.

Ү л г і : Туған жер– атамекен, Отан, кіндік қаны тамған жер, туған ел.

Жұрт, көп, келешек, қарасақ, тату-тәтті, іске асыру, таңба, алға жылжу, мөлдір, асқақ, жарқын, биік, бірлік.

138-тапсырма. Болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдырып жазыңыздар және сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і :Ойлау – ойламау; Ол осы күнге дейін бір адамға жамандық ойламапты.

Тамашалау, сапар шегу, ойлап тапқан, мәжбүрлі жарқылдату, өңдеуге болады, тұтастығын бұзу.

139-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, сөйлемдерді толықтырып жазыңыздар.

Кейін. кезге дейін алмазды тесіктер. (фильераларды) жасаудың бір ғана әдісі бол. Ол – алмазды ұсақ ұнтақтар. тесіктің қажетті бет. ұзақ үйкелеу. Ал электрлі ұшқындық әдіс арқылы мұндай өте қатты және нәзік тесік. ді өңдеудің керемет мүмкіндігі туды. Машина жаса. технологиясында қолдан. атын көптеген штамптал. дайындамаларды жасау үшін титан және вольфрам карбид. інің негізінде құрылған өте қатты материалды қалыптар қажет.

140-тапсырма. Төмендегі етістіктерді нақ осы шақтың дара және күрделі формасына салып жіктеңіздер.

Ү л г і :

I. Мен отырмын (Я сижу) Мен жаз+ып отыр+мын (Я пишу)

II. Сен отырсың (Ты сидишь) Сен жаз+ып отыр+сың (Ты пишешь)

Сіз отырсыз (Вы сидите) Сіз жаз+ып отыр+сыз (Вы пишете)

III. Ол отыр (Он сидит) Ол жазып отыр (Он пишет)

Айтысу, зерттеу, қолдану, өңдеу, тыңдау, дәлелдеу, сипаттау.

141-тапсырма. Тірек сөйлемдерді пайдаланып, «Мамандық таңдау – жауапты іс» деген тақырыпта әңгіме жазыңыздар.

Әрбір адам өмірден өз орнын табуға тырысады. Көп ойланады, әке-шешесімен немесе ересектермен ақылдасады. Жұмыс, кәсіп – адам үшін мол табыс көзі. Біздің қоғамымызда мамандығыңа қарай әр түрлі салада жұмыс істеуге болады. Алдыңа қойған мақсатқа жету оңай емес, ол үшін білімді терең меңгеру керек.

Әдістемелік ұсыныс:Лазерлік өңдеу әдісінің өзіндік ерекшелігін анықтау, оның тиімді жақтарын білу.

Әдебиеттер:Нег.: 635;17; Қос.: 9.

Бақылау сұрақтары:

1. Лазерді қандай тәсіл ретінде қолданады?

2. Лазердің алғашқы атауы қандай болған?

3. Лазер әдісінің өзіндік ерекшелігі қандай?

6-апта. 18-тәжірибелік сабақ

142-тапсырма.Ультрадыбысты өңдеу әдісі туралы мәліметпен танысып, мазмұнын меңгеріңіздер.

Ультрадыбысты өңдеу әдісі

Электрофизикалық өңдеулердің бірнеше түрін қарастырарда, негізі электр тотығының механикалық әсерімен жүретін ультрадыбысты өңдеулерді атаған жөн.

Ультрадыбысты өңдеу деп– әр түрлі энергиялар түрімен (химиялық, электрлік, механикалық) жүретін технологиялық процестер мен операциялардың үлкен тобын айтады. Бұл процесте міндетті түрде жиілігі 16000-18000 Гц-тік механикалық серпімді дірілдер болуы қажет.

Источник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *